Басты жаңалықтар

Ералы Тоғжанов Темір ауданының аумағында жұмыс істейтін мұнай өндіруші кәсіпорындарға барды

Бүгін Темір ауданының Кеңқияқ ауылына жұмыс сапары аясында Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов «ҚМК Мұнай» АҚ вахталық қалашығының құрылыс барысымен танысты.

Кәсіпорын өз қызметін 2004 жылдан бастап Темір және Мұғалжар аудандарында орналасқан кен орындарында жүзеге асырып келеді. Жобалық қуаттылығы жылына 410 мың тонна мұнайды құрайды.

«ҚМК Мұнай»-да 280 адам жұмыс істейді. Өнімдер ішкі нарыққа жеткізіледі, сонымен қатар Еуропаға, Қытайға экспортталады.

2021 жылы кәсіпорын аумағында вахталық қалашықтың құрылысы басталды, оған әкімшілік-тұрмыстық корпус, 200 адамға арналған жатақхана, 100 орындық асхана, өрт сөндіру сорғы станциясы, баскетбол және волейбол алаңы және т.б. кіреді.
Нысандар 2023 жылдың маусым-шілде айларының басында пайдалануға беріледі.

Облыс әкімі компания басшылығының алдына қызметкерлерге барлық жағдай жасау, сондай-ақ жалақыны көтеру міндетін қойды.

💬 «Мені бірінші кезекте қызметкерлердің жайлы тұруы үшін қабылданатын шаралар, еңбек жағдайлары қызықтырады. Осыны ескеріңіз», деп атап өтті өңір басшысы. 

Ералы Тоғжанов «Кеңқияқ мұнай-газ өндіру басқармасына» барып, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне кәсіпорын басшылығының назарын аударды.

Кәсіпоранда 728 адам жұмыс істейді, оның 671-і – Темір ауданының  тұрғыны.
Мұнай өндірудің жалпы көлемі тәулігіне 1 272 тоннаны құрайды.

Облыс әкімі аудан аумағында жұмыс істейтін мұнай өндіруші компаниялардың басшыларын елді мекендер тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешуден тыс қалмауға шақырды. Олардың қатарында әлеуметтік нысандар салу, инженерлік және жол инфрақұрылымын дамыту бар.

💬 «Сіз аудан аумағында жұмыс істейсіз, ауылдарға көмектесуіңіз керек. Сіздің көлігіңіз осы жолдармен жүреді, жол төсемін бұзады, оларды жөндеу керек. Тиісті міндеттемелер де барын ұмытпауыңыз керек»,деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Жол жобаларын жедел жүзеге асыру мақсатында Кеңқияқ ауылының аумағында қуаттылығы 1000 тонна битум шығаратын асфальт зауыты салынды.
Кәсіпорын мамыр айының ортасында іске қосылады.

Зауыт өнімін «Покровка-Темір-Кеңқияқ-Ембі» автожолының 78-84 шақырымдағы учаскесінің 6 км-ін қайта жаңарту, 0-111 шақырым учаскесін орташа жөндеу, сондай-ақ 9 көшенің көше-жол желісін салу, 5 көшені орташа жөндеу бойынша өзіне міндеттеме алған мердігер ұйымдар пайдаланатын болады.

Ералы Тоғжанов аудан басшылығына жол-құрылыс жұмыстарының орындалу сапасын ерекше бақылауға алуды, сондай-ақ осы жобалардың уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Д.АЙДАР. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button