Басты жаңалықтарМереке

Ералы Тоғжанов: Тұрақтылық пен бірлік – қазақстандық қоғамның негізгі құндылығы

Ақтөбе облысында Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтілуде. Ақтөбеде басты мерекелік шара «Қазақ еліне мың алғыс» стелласында ұйымдастырылды.

Өңір басшысы Ералы Тоғжанов қала тұрғындары мен қонақтарын Қазақстанның көпұлтты халқының достығы мен келісімі мерекесімен құттықтады.

💬 «Халқымызда «Бірлік түбі – береке» деген дана сөз бар. Тәуелсіздік жылдарында біздің барлық қол жеткізген жетістігіміз бен табысымыз – бірлік пен татулықтың арқасында.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 32-сессиясында «Еліміздің тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы бәрінен қымбат. Ел бірлігі осы мызғымас құндылықтармен қатар тұруға тиіс. Сонда ғана болашағымыз баянды болады» деген болатын.
«Әралуандылықтағы бірлік» қағидаты мемлекетіміздің саясаты мен Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің негізгі бағыттарының бірі болды және бола береді»,
деп атап өтті облыс әкімі.

Ералы Тоғжанов Ассамблея мүшелеріне, өңірдің этномәдени бірлестіктерінің басшыларына бейбітшілік, достық идеяларын түсіндіру бағытында атқарылып жатқан маңызды жұмыстар үшін алғысын білдірді.

💬 «Бүгінде облысымызда бейбітшілік пен келісімде 90-нан астам ұлт өкілдері тұрады. Ассамблея 16 этномәдени бірлестіктің, өз этносының ана тілі мене мемлекеттік тілді, салт-дәстүрлерін зерделеу бойынша жексенбілік мектептердің белсенді жұмыс істеуіне ұйытқы болып отыр.
Тұрақтылық пен бірлік – қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтары. Біз бірлесіп жұмыс істесек, талай қиындықты жеңіп, проблемаларды шеше алатынымызға сенімдімін.
Әрбір ақтөбелік бірлікті нығайту жолында тынымсыз еңбек етуі тиіс. Өйткені, бірлік бар жерде – тірлік бар»,
деп атап өтті облыс әкімі.

Ералы Тоғжанов бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға елеулі үлес қосқан өңірдің 9 тұрғынына алғыс хат табыстады.
Олардың қатарында этномәдени бірлестіктердің, әлеуметтік саланың өкілдері, БАҚ қызметкерлері бар.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button