Басты жаңалықтарМереке

Ұлт бірлігі – ұлы байлық

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Ақтөбеде этномәдени орталықтардың қатысуымен облыстық фестиваль өтті.
20 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан достық фестиваліне биыл 16 этномәдени бірлестік қатысты.

– Фестиваль дәстүрлі түрде Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өткізіліп келе жатқанымен, қатысушылар бір ғана осы тақырыппен шектеліп қалмайды. Мақсатымыз – біздің жерімізді мекендейтін әр ұлттың мәдениетін көпшілікке таныстыру, сол арқылы халқымыздың ынтымақ- бірлігін нығайта түсуге үлес қосу. Мәдениет қашан да мейірімге үндейді, – деді Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Маржан Қорғанбаева.

Бұл күні Достық үйінің сахнасына көтерілген өнерпаздар көрерменді әр ұлттың ән-биімен, халық аспаптарынан төгілген әсем музыкамен баурап қана қоймай, театрландырылған көріністер де ұсынды. Әзірбайжан, еврей және болгар этномәдени орталықтары өнерпаздарының орындауында қазақ әндері де шырқалды.
Сонымен қатар, Достық үйінің фойесінде қолөнер шеберлерінің түрлі материалдардан жасаған бұйымдарынан көрме де ұйымдастырылды. Әсіресе армяндардың этномәдени орталығы жанындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Арутюн Микаэляннің картиналары көпшілік назарын аударды. Айта кету керек, ол живописке 68 жастан кейін ғана ден қойса да, бүгінгі күні өнерсүйер қауымға шебер суретші ретінде танылып отыр.

А. Сарыбай.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button