Денсаулық

Дәрумен қоры азайып кетпесін!

Дәрігер кеңесі

Көктем келсе,ауа райының мың құбылатыны белгілі. Сондықтан бұл мезгілде денсаулыққа баса мән беріп, суықтан қорғанған абзал. Өйткені сырқаттың көбі адам ағзасындағы D дәрумені қорының азаюына байланысты күшейеді.

Салқын күндері адам ағзасының түрлі инфекциядан қорғану қабілетітөмендейді. Көктем мезгілінде де ағзаға күн сәулесі жеткілікті мөлшерде жетіспеуі мүмкін. Сондықтан иммун жүйесін нығайтуға көмектесетін D дәруменінің қорын азайтып алмау қажет. Себебі басқа уақытқа қарағанда адамдар суық күндері инфекцияны тез жұқтырады.

Осындай уақыттарда тұмау, менингит, отит, гайморит, бронхит, цистит сияқты  аурулардан да мейлінше сақтанған жөн.

Вирусты қоздыратын жұқпалы аурулардың бірі — тұмау. Тұмау жіті респираторлық вирустық инфекция тобына жатқанымен, мұны жай ғана суық тиюмен шатастырмау керек. Мұндай кезде бұл аурумен ауырған адамдардың ағзасында өкпе, жүрек, ми қабынуының асқынуы әбден мүмкін.

Өте қатерлі ми ауруы саналатын менингиттен де суық күндері сақтану керек. Себебі менингококк инфекциясы қыста және ерте көктемде өршиді. Көбіне суықтан пайда болатын бұл ауру ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуынан туындап жатады.

Көктем келіп, күн сәл жылына бастаса, бас киімсіз жүруге құмармыз. Ерте көктемнің де өз ызғары болатынын елей бермейміз. Ал мұның салдары құлақтың қабынып, отит ауруын тудырып жатады. Суық күндері құлақты неғұрлым жылы ұстаған абзал.

Гайморит, бронхит, цистит сияқты өзге де аурулар көп жағдайда күн райының құбылуы салдарында жиі болып жатады. Сондықтан жоғарыда аталған аурулардан сақтану үшін суықтан қорғанып, денсаулыққа аса мән берген жөн.

 Рая НИТАЛИНА,

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті №3 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button