Басты жаңалықтар

Өркендеу жолындағы өзгерістер жалғасады

Президент VIII сайланған Парламенттің І сессиясының ашылуына қатысты

Мемлекет басшысы бірінші сессиясын ашық деп жариялаған соң, сайлауда жеңіске жетіп, депутат мандатына ие болған азаматтардың қызметіне табыс тіледі.

Азаматтық қоғам нығайып келеді

Мемлекет басшысы бір жылдың ішінде еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде болған негізгі өзгерістерге тоқталып, жүзеге асырылған реформалар «Күшті Президент — ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделгенін атап өтті.

«Бұл қағида — мемлекетіміздің басты тірегі. Референдумнан кейін Конституцияның жаңа талаптарына сай билік тармақтарын түгел жаңғыртуға кірістік. Халықтың да көптен күткені осы еді. Конституциялық өзгерістерге сəйкес Президент сайлауы, Сенат, Мəжіліс жəне мəслихаттар сайлауы өтті. Референдумды қосқанда бір жылға жуық уақыттың ішінде өте маңызды 5 саяси науқан өткізілді. Оның бəрі аса күрделі кезеңге тұспа-тұс келді. Қаншалықты күрделі болса да, біз еліміз үшін өте қажет жолды қысқа мерзім ішінде жүріп өттік. Қазақстанның жаңарып, жаңғыра бастағанына жұрттың көзі жетті.

Кешегі сайлауда партиялармен қатар көптеген азаматымыз бірмандатты округтен өзін-өзі ұсынды. Осылайша, халқымыз маңызды өзгеріске өз үлесін қосуға дайын екенін дəлелдеді. Елімізде жаңа азаматтық, саяси мəдениет қалыптасып жатыр. Мен сайлауға белсене қатысқан барша азаматқа алғыс айтамын. Бұл науқан, шын мəнін де, бұрынғыдан ерекше, өзгеше болды.

Сайлау науқаны шынайы бəсеке жағдайында, ашық өтті. Үгіт-насихат кезеңін жəне дауыс беру барысын ақпарат құралдары жан-жақты көрсетті. Партияларға, үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілді. Мұны отандық жəне шетелдік байқаушылар да айтып отыр. Қандай да бір саяси ұйымға артықшылық берілген жоқ. Президент ешбір партияның мүшесі емес. Облыс əкімдері партия бөлімшелеріне жетекшілік етпейді. Жоғары лауазымды қызметкерлер партия тізімінде болған жоқ. Яғни барлық партия сайлауға бірдей жағдайда қатысты.

Сайлаушылар да, үміткерлер де айрықша белсенді болды. Саяси партиялар əр аймақта ел назарын өзіне аудару үшін тартысқа түсті. Бірнеше рет тікелей эфирде партиялар арасында қызу жəне тиімді пікірталас болды. Бұл — демократиялық қоғам үшін қалыпты үрдіс. Мұның бəрі Қазақстанда ашық азаматтық қоғамның нығайып келе жатқанын көрсетті. Сайлау науқаны кезінде көптеген орынды сын, байыпты ұсыныс айтылды. Біз айтылған салмақты ұсыныстарды міндетті түрде зерделейміз», — деді Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысы сайлауда бəсеке жоғары болғанына тоқталды. Оның қорытындысы еліміздің нағыз көппартиялы мемлекетке айналу жолында маңызды қадам жасағанын атап өтті. Президенттің пайымдауынша, Мəжіліске көзқарасы əртүрлі саяси ұстанымдағы күштер келді. Мəселен, алғаш рет ұзақ жыл бойы оппозицияда болған партия Парламентке өтті. Мұның бəріне ауқымды саяси реформаның арқасында қол жетті.

«Партияларды тіркеу мəселесін реттейтін заңнаманың өзгеруі де бұған септігін тигізді. Енді партиялар еліміздің болашағына зор ықпал ететін саяси үдерістің басы-қасында жүретін болады. Мəжіліске бірмандатты округтен де депутаттар сайланды. Яғни Парламентке түрлі əлеуметтік топтан шыққан өкілдердің келуіне жол ашылды. Сондай-ақ ұзақ жылдан бері алғаш рет өзін-өзі ұсынған үміткерлер депутат атанды. Бірқатар азамат партия атынан шыққан үміткерлерді тартысты бəсекеде жеңіп шықты. Осылайша, елімізде демократия дəстүрі жаңа деңгейге көтеріліп, нығая түсті. Саяси күштердің бəріне бірдей мүмкіндік берілетініне азаматтардың сенімі артты.

Еліміздің жастары əрдайым менің айрықша назарымда екені баршаға мəлім. Мен билікке ойы озық, білімді жастар келуі керек деп үнемі айтамын. Өскелең ұрпақты ел ісіне баулу — өте маңызды мəселе. Олар қоғамға жаңа құндылықтар əкелуге тиіс. Сайлау кезінде жас кандидаттар бірігіп, өз тобын құрғаны белгілі. Осы одақтың белсенді мүшелері Парламентке жəне мəслихаттарға өтті. Осылайша, өкілді билік тармағына саясаткерлердің жаңа буыны келіп жатыр. Жастар мұны елімізді дамытуға берілген бірегей мүмкіндік деп бағалауы қажет», — деді Президент.

Ел мүддесі үшін қызмет

Осы орайда, əйелдердің жəне ерекше қажеттілігі бар жандардың Мəжіліске өтуіне жағдай жасалғанын атап өткен жөн. Осындай квотаның нəтижесінде биыл тұңғыш рет Парламентке мүмкіндігі шектеулі алты адам депутаттық мандат иеленді. Мемлекет басшысы саяси науқан қоғамдағы əрбір азамат Парламентке мүше болаалатынын жəне «əлеуметтік лифт» жұмыс істейтінін айқын аңғартқанына назар аударды.

«Бұл сайлау үміткерлерге қойылатын талап өзгергенін көрсетті. Қазір тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнату өте маңызды. Мұны дұрыс түсініп, елмен етене араласа білген үміткерлер халық сайлаған өкіл атанды. Сайлаушылар өзінің мұң-мұқтажын білетін жəне мүддесін қорғай алатын азаматтарға дауыс берді. Ақпараттық технология дамыған қазіргі заманда халық бəрін жіті бақылап отыр. Осы ретте депутаттардың ел алдындағы жауапкершілігі артқанын атап өткен жөн. Сондықтан осы ғимаратта отырған депутаттар 5 жыл бойы саналы, парасатты түрде белсенді жұмыс істейді деп сенемін. Себебі ел мүддесі үшін қызмет ету қажет. Бұл — «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық» деген қағиданың тағы бір көрінісі.

Осы науқанға өте көп адам қатысты. Бұл — қалыпты үрдіс. Олардың арасында мақсаты, ұстанымы əртүрлі жандар бар. Қазір елдің көзі ашық, көкірегі ояу, саяси сауаты жоғары. Кез келген сайлауда жеңіске жету үшін жылдар бойы қажырлы еңбек ету қажет. Халықтың жəне тарихтың алдындағы жауапкершілікті сезіну керек. Бір сөзбен айтсақ, ұзақмерзімді, жүйелі стратегияның арқасында ғана жеңіске жетуге болады. Қажетті дауыс жинай алмаған үміткерлер үшін де бұл — үлкен тəжірибе жəне жаңа мүмкіндік. Баршаңызды Қазақстан мүддесі үшін жұмылып жұмыс істеуге шақырамын.

Небəрі бір жылда мұндай ауқымды жұмысты іске асыру — нағыз жасампаз жұрттың ғана қолынан келетін шаруа. Біз Отанымызды өркендету жолында зор бетбұрыс жасап, жаңа дəуірге қадам бастық. Бірақ өзгерістер мұнымен бітпейді. Бұл — ұзақ жолдың басы ғана. Реформалар жалғаса береді, саяси құрылымды жетілдіру қажет. Бұл — аса маңызды жұмыс», — деді Қ.Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы биыл алғаш рет аудан жəне облыстық маңызы бар қала əкімдерін тікелей сайлау өтетінін мəлімдеді. Бастапқыда осындай 45 елді мекеннің басшысы анықталмақ. Содан кейін еліміздегі барлық аудан əкімдері сайланады. Осылайша, биліктің барлық институты жаңарып, тың қарқынмен жұмыс істей бастайды. Президент Қ.Тоқаев саяси үдерісті демократияландырып, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейте беруге уəде етіп отыр. Осы орайда, ол мына маңызды нəрсеге назар аударды. Қазақстан — осы геосаяси аймақта түбегейлі реформа жүргізіп жатқан бірден-бір ел. Кейбір адамдар, солардың ішінде саясаткерлер де бар, осындай реформалар Қазақстанға қауіп төндіруі мүмкін деп айтатынын жеткізген Қ.Тоқаев өзгерістердің бəрі ел болашағы үшін ауадай қажет екеніне тоқталды.

«Алған бетімізден қайтуға болмайды. Керісінше, заң үстемдігі, халық бірлігі, əлеуметтік əділдік жəне ішкі саяси тұрақтылық секілді іргелі құндылықтарға баса мəн бере отырып, реформалар жолымен алға қарай нық қадам басуымыз керек. Алдымызда айрықша маңызды міндеттер тұр. Біз жан-жақты жаңғырту жұмысын күшейтуіміз қажет. Сондай-ақ əлеуметтік-экономикалық даму барысына тың серпін беруіміз керек. Еліміз ұзақ уақыт бойы қолайлы сыртқы ахуалға арқа сүйеп келді. Неше түрлі тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сенді.

Атқарылған жұмыс туралы жалған есепке сенуге мəжбүр болды. Алайда аса маңызды, өзекті мəселелер назардан тыс қалды. Халықтың тұрмыс сапасы əлі күнге дейін жақсы емес. Құқықтық əділетсіздік белең алды. Бай мен кедейдің арасы алшақтай түсті. Алдағы бес жылда Үкімет жəне Парламент осы негізгі мəселелердің шешімін табуы қажет. Біз еліміздің белдеуін бекем деп тартуымыз керек. Экономика да жəне əлеуметтік салада жылдар бойы жиналып қалған түйткілдер бар. Оның барлығын ретке келтіруіміз қажет. Сол үшін жұрттың бəріне бірдей жаға бермейтін, бірақ тиімді əрі қажетті шешімдер қабылдау керек», —деді Президент.

Кәсіпкерлікті қолдаудың маңызы

Мемлекет басшысының айтуынша, нақты басымдықтар форматында жұмыс істеу керек. Аса маңызды мəселелерді дереу шешу қажет. Бірақ кейбір мəселені кейінге қалдыруға, ал бір қатары бойынша алдағы шешімдердің тек жобасын белгілеуге тура келеді. Əйтпесе, еңбекзаякетпекəрі қолда бар ресурстар сарқылады. Осы орайда Президент алдағы бес жыл ел тағдыры шешілетін маңызды кезең болатынына назар аударды. Елімізді қарқынды дамыту үшін сапалы заңнамалық база қалыптастыру керек. Экономикаға қажетті ережелер мен қағидаларды өзгерту қажет.

«Бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалды. Монополиядан арылту жəне елімізден заңсыз шығарылған капиталды қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл елімізге орнықты, бəсекеге қабілетті ірі бизнес керек емес дегенді білдірмейді. Керісінше, қажет екені сөзсіз жəне біз оны қолдаймыз. Ірі бизнес біздің жаңа экономикалық парадигмада жаңаша жұмыс істей бастайды əрі міндетті түрде дамиды. Жалпы, ашық əрі өзін-өзі қамтамасыз ететін нарықтық экономика қалыптастыру басты басымдық болып қала береді. Осы ретте шағын жəне орта кəсіпкерлік экономика мен еңбек нарығының қозғаушы күшіне айналуға тиіс. Бұл жөнінде көп айтылды. Бірақ аталған бағытта айтарлықтай ілгерілеу болған жоқ. Демек, экономикалық саясатқа өзгеріс енгізу қажет.

Шағын жəне орта бизнесті толыққанды қолдау үшін кешенді іс-шаралар қабылдау керек. Олар елімізді дамытуда маңызды рөл атқаратынын толық сезінуге тиіс. Бізге Қазақстан экономикасын дамыту жолында өзіне жауапкершілік ала алатын кəсіпкерлердің «жаңа толқыны» қажет. Оның бел ортасында əкімшілік ресурстарға иек артпай, кəсіпкерлік таланты мен еңбек қорлығының арқасында кəсібін табысты жүргізе алған бизнесмендер болуға тиіс. Ондай адамдар əр аймақта бар. Оларға елімізде өз бизнесін дамытуға мүмкіндік беру жəне нақты көмек көрсету маңызды. Қазақстанның қазіргі экономикалық моделі, ең алдымен, шикізат секторына инвестиция тартуға негізделеді. Сондықтан ұлттық буржуазияның негізін құрайтын орта бизнес жүйесіз дамып жатыр. Тек жекелеген аймақтарда ғана оң қарқын байқалады», — деді Қ.Тоқаев.

Президент Үкіметке экономиканың негізгі салаларына қомақты инвестиция, соның ішінде шетелдік инвесторларды тарту міндеті жүктелгенін атап өтті. Олар орта бизнестің дамуына тың серпін беруге тиіс.

«Елді жайлаған індет жəне оның салдары кəсіпкерлерге оңай тимегені анық. Былтырдан бері саяси жүйені жаңғыртуға баса мəн бердік. Енді экономикадағы нақты мəселелермен айналысатын кез келді. Бұл жұмысты мықтап қолға алу керек. Біздің басты міндетіміздің бірі — жекеменшікті қорғау жəне нарықтың бəсекелі болуын қамтамасыз ету. Сол үшін сот жəне құқық қорғау жүйесіндегі реформаларды жалғастыру қажет. Мен еліміздің кəсіпкерлеріне үндеу жасағым келеді. Қазақстан — бəріміздің ортақ мекеніміз. Ендеше, қастерлі Отанымызды бірге өркендетейік, болашағымызды бірге құрайық. Мен Президент ретінде сіздерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетініне кепілдік беремін.

Біз шағын жəне орта бизнестің бəсекеге қабілетін арттыру мəселесіне баса мəн береміз. Осы орайда шағын жəне орта бизнеске қолдау көрсетудің бірыңғай кешенді бағдарламасын əзірлеу қажет. Ең бастысы, мемлекеттік қолдауға ие болатын жобаларды іріктеу ашық өтуге тиіс. Жобаның нақты əлеуметтік-экономикалық тиімділігін ескеру қажет. Осы орайда Үкіметке депутаттармен бірлесіп, орта бизнесті дамытудың тың тəсілдерін əзірлеуді тапсырамын. Өйткені орта бизнес ел экономикасын дамыту ісінде басты рөл атқарады. Бұл мəселе менің жеке бақылауымда болады. «Атамекен» ұлттық палатасы шағын жəне орта бизнеске қолдау көрсетіп, сыртқы нарықта ұлттық бизнестің мүддесін қорғауы керек. Сондай-ақ Үкіметпен ынтымақтастықты барынша нығайту қажет», — деді Мемлекет басшысы.

Салықта әділеттілік қажет

Бұдан бөлек, нақты индустрияландыруға, жергілікті өндірісті дамытуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға баса назар аударудың маңызына тоқталды. Бюджеттен қаржыландырылатын ауқымды жобаларды, ең алдымен, отандық кəсіпкерлер жүзеге асыруға тиіс. Президент алдағы бесжылдық шағын жəне орта бизнесті қолдауға арналуы керек екенін жеткізді. Ұлттық жобалар уақтылы жəне сапалы жүзеге асырылуға тиіс. Бюджеттің əрбір тиыны тиімді жұмсалуы керек. Осының бəріне парламенттік бақылау жасау айрықша маңызды. Осы орайда депутаттардан халық зор үміт күтетінін алға тартты.

«Депутаттар билік пен қоғамның əріптестігін нығайтуға үлес қосуы қажет. Бұл жұмыс «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орнықтыруға септігін тигізеді. Əсіресесайлаудажеңіскежеткен«Amanat»партиясыосыжұмысқабелсене атсалысады деп сенемін. Партияның тəжірибесі мол, қоғам тарапынан жан-жақты қолдау бар. Сондықтан «Amanat» партиясы алдағы өзгерістердің бел ортасында болады деп үміттенемін.

Қысқасы, депутаттарға бір ғана маңызды міндет жүктеледі. Яғни əрдайым өзгерістердің бел ортасында болу керек. Сіздер шешім қабылдайсыздар жəне сол үшін жұрт алдында жауап бересіздер. Халықтың мүддесін тиімді қорғау жəне еліміздегі өзекті мəселелерді шешуге атсалысу үшін азаматтармен тығыз қарымқатынас орнату қажет.

Еліміздің негізгі басымдықтарын баршаңыз жақсы білесіздер. Бұл — тұрғындардың əл-ауқатын арттыру жəне ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру. Сол арқылы тамыры тереңде жатқан мемлекеттілік дəстүрімізді нығайта түсу. Осы орайда мен Парламенттің алдағы жұмысы туралы ойымды ортаға салғым келеді», — деді Қ.Тоқаев.

Ең əуелі Мемлекет басшысы іскерлік белсенділікті ынталандыруға назар аударды. Бұған қол жеткізу үшін ең алдымен, əділ, тұрақты əрі ашық салық жүйесін қалыптастыру керек. Президент бұған дейін айтылып жүрген салық саясатын өзгертуге қатысты пікір білдірді. Мəселен, жаңа модель ұлттық байлықты тиімді бөлуді, экономикалық белсенділіктің жоғары деңгейі мен экономиканың басым бағыттарын нақты қолдауды қамтамасыз етуге тиіс. Салық кодексі жəне тұтас салық саясаты түсінікті, тұрақты болуы қажет. Сондай-ақ фискалдық органдардың бизнеспен қарым-қатынасына қатысты бүкіл үдерісті толық цифрландыруды ұсынды. Бұл кəсіпкерлердің тіршілігін айтарлықтай дəрежеде жеңілдетуге жəне бюджет кірісін жүйелі түрде ұлғайтуға септігін тигізеді.

«Парламентте мемлекеттік бюджетке мол кіріс əкелетін корпоративтік табыс салығы мен қосымша құн салығына қатысты мөлшерлемелерді əртараптандыру мүмкіндігін талқылауға болады. Ірі кəсіпорындар жəне шикізат экспортымен айналысатын компаниялар қазынаға көбірек төлем түсірсе, əділдік болар еді. Бұл əлемде бар озық тəжірибе. Қазір елдегі жағдай түбегейлі өзгерді. ƏділеттіҚазақстандегеніміз—жалаңұранемес, бұл—анықақиқат. Алдаатқаратынжұмыскөп. Бізбұғанбірелболыптүгелатсалысуымызкерек.

Өткен жылдың басынан бері экономиканы монополиядан арылту жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл — Үкіметтен ерік-жігер мен жоғары кəсібилікті талап ететін күрделі үдеріс. Бұл жұмысты жалғастырған жөн. Трансфертті баға белгілеу, халықаралық салық салу, субсидия мен мемлекеттік ресурстарды бөлу кезінде бақылауды қамтамасыз ететін түсінікті жəне тиімді құралдарды қолданысқа енгізу қажет. Президент болып қайта сайланғаннан кейін ең бірінші Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі ісшаралар туралы Жарлыққа қол қойғанымды еске саламын. Үкімет пен Бас прокуратура жеке заң жобасын əзірледі. Парламент тиісті заңды жуық арада қабылдауы керек», — деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, бұл қаржы тек елімізді дамытуға жұмсалуы қажет. Аталған мəселе бюджет шығындарына да қатысты. Алайда бюджеттің жоспарлануы мен жұмсалуы көңіл көншітпейтінін жеткізді. Əсіресемемлекеттікқарыздыөтеушығыныартыпбарады. Ұлттыққорданбөлінетінтрансфертазаймайтұр. Барлықдеңгейдегібюджеттітиімдіигерупроблемасы əлі де бар. Сондықтан жан-жақты ойластырылған əрі теңгерімді бюджет саясатын қалыптастыру керек. Биыл Парламент қарауына енгізілетін жаңа Бюджет кодексінің жобасы аталған мəселелерді шешуге бағытталуға тиіс.

Әртараптандырылған экономиканың жолы мен тетігі

«Тағы бір маңызды мəселе. Үкімет жəне Парламент туризмді дамыту мəселесіне баса назар аударуға тиіс. Еліміздегі туризмнің əлеуеті зор, көрікті жерлеріміз өте көп. Бірақ сол жерлерге барып, демалуға əлі де жұрттың қолы жете бермейді. Бұл салаға тың серпін беру үшін, ең алдымен, инфрақұрылым мəселесін кешенді түрде шешіп, қызмет сапасын түбегейлі жақсарту қажет. Кəсіпкерлер туризмнің болашағы зор екенін көруі керек. Сол үшін қажетті жағдайды жасаған жөн. Осы салаға салынған жеке инвестицияның көлемі, іштен жəне сырттан келген туристердің саны неғұрлым көп болса, жұмыстың нəтижесі де соғұрлым тиімді болмақ.

Жалпы, орта жəне шағын кəсіпкерлікті қолдау саясаты мемлекетіміздің ұзақ мерзімге арналған тұрақты стратегиясына айналуы керек. «Ақ жол» партиясы шағын жəне орта бизнесті дамыту, экономиканы монополиядан арылту туралы үнемі айтып жүр. Партияның Мəжілістегі депутаттары осы жұмысқа өз үлесін қосады деп сенемін. Сондай-ақ кəсіпкерлердің бастамасымен құрылған «Respublica» партиясы Парламентке өтті. Бұл ұйым бизнестің дамуына қолайлы жағдай қалыптастыруға атсалысады деп ойлаймын», — деді Қ.Тоқаев.

Сонымен қатар тағы бір өзекті мəселеге назар аударды. Заңдар мен түрлі ережелерді əзірлеген кезде қаржы-өнеркəсіп топтары, ірі бизнес өкілдері шешім қабылдауға зор ықпал етеді. Ашығын айтсақ, бұл барлық елге, тіпті, дамыған мемлекеттерге тəн жағдай. Бірақ осы үдерісті қоғамнан жасырмай, заңмен реттеу керек, əйтпесе, жемқорлық белең алады. Өркениетті елдерде саясат жабық есік жағдайында астыртын жасалмайды. Осы орайда Президент лоббистік қызметті заңмен реттеудің жəне оған бақылау жасаудың халықаралық тəжірибесін зерттеудің маңызына тоқталды.

«Екінші, еліміздің өндірістік əлеуетін барынша арттыру маңызды. Қазақстан экономикасы əлі күнге дейін пайдалы қазбаларға тəуелді болып отыр. Яғни ел экономикасының құрылымы — қарапайым. Шын мəнінде, бізге қарқынды даму үшін күрделі, əртарапты экономикалық құрылым қажет. Əрине, шикізатнарығындағыəлемдік бəсекеде біздің өз артықшылығымыз бар. Қазіргі жəне стратегиялық міндеттерді орындау үшін оны тиімді пайдалану қажет. Сондықтан осы саланы одан əрі дамыта беру керек.

Бірақ жер қойнауын пайдалану саласында ондаған жыл бойы қордаланған проблемалар аз емес. Геологиялық барлау жұмыстарының ойдағыдай жүргізілмеуі тау-кен өнеркəсібін өркендетуге кедергі келтіріп отыр. Минералды шикізат базасын толықтыру қарқыны бəсеңдеп барады. Оның үстіне қазір игеріліп жатқан кен орындарының қоры сарқыла бастады.

Қазба байлықты тиімді жəне үнемді пайдалану қажет. Ол үшін заңнаманы жақсартып, рəсімдерді жеңілдету керек. Геологиялық барлау жəне кеніштерді игеру ісіне инвестиция тарту айрықша маңызды. Үкімет пен Парламент осы салаға қатысты нақты іс-шаралар əзірлеуге тиіс», — деді Мемлекет басшысы.

Қ.Тоқаев былтырғы тауар газының тапшылығы туралы əңгіме қозғады. Оның айтуынша, бұл жағдай бүкіл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне қатер төндіре жаздады. Мұндай келеңсіздікке жол бермеу үшін нарықты газбен қамтамасыз ету керек. Қазақстанда газдың бағасы көрші мемлекеттерге қарағанда əлдеқайда арзан. Осы ретте шетелдегі сияқты əртүрлі тарифтерді енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

«Жалпы, төмен тарифтер мен төмен бағалар экономикамызға теріс ықпал етеді. Бөлінген барлық субсидия көрші елдерге босқа кетеді. Қаншалықты қиын болса да, бұл мəселені біртіндеп шешу қажет. Басқа жол жоқ. Қазіргі уақытта зəулім үйлерін күндізтүні төмен тарифпен жылытатындар үшін жаңа жүйе бойынша газдың текше метрі қымбатырақ болуға тиіс. Əлеуметтікəділдік дегеніміз — осы. Қолда бар шикізатты пайдалану тиімділігін арттыру маңызды. Күнделікті тұрмыста да, мемлекет деңгейінде де үнемдеп үйрену керек. Бұл —əлемдік тəжірибе. Оның өзектілігі қазіргі күрделі геосаяси ахуал жағдайында күшейе түсті. Өндірісте де, тұрмыста да газды арзан екен деп бейберекет жаға беруге болмайды. Мұны доғару керек. Үкімет Тауар газының энергетикалық тиімділігін арттыру жəне оны үнемді пайдалану жоспарын əзірлеуі қажет.

Бəсекеге қабілетті экономика дегеніміз —əртараптандырылған экономика. Пандемия жəне қазіргі геосаяси дағдарыс шикізат нарығының тұрақсыз екенін айқын көрсетті. Қазба байлыққа ғана арқа сүйеп, қамсыз отыратын заман келмеске кетті. Жер қойнауынан шыққан қазынаның қосымша құнын барынша арттыру керек. Оны сапалы жəне сұранысқа ие тауарға айналдыру өте маңызды. Бұған дейінгі индустрияландыру жұмысының барысында шикізаттық емес сала ойдағыдай дамыған жоқ. Азық-түлік пен күнделікті тұтынатын тауардың өзін əлі күнге дейін сырттан сатып алып отырмыз. Инфляцияның өсуіне басты себептің бірі — осы», — деді Президент.

Мемлекет басшысы ел экономикасы сыртқы саудаға жəне инвестицияға əрдайым ашық екенін жеткізді. Мəселен, Қазақстан — Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі. Сондықтан сыртқы сауданы еркін түрде дамытудың маңызына тоқталды. Бірақ кемінде отандық нарықты қамтамасыз ету керек. Мысалы, шикізат та, мамандар да, кейбір технология да елде бар.

Сондай-ақ елдің ішкі сұранысын өтеуге қатысты бір негізгі ұстаным болуы керектігін жеткізді. Ең алдымен, ішкі нарыққа бағытталған өңдеу өнеркəсібін дамыту қажет. Мəселе, өңдеу өнеркəсібін инновация мен жоғары технология ғана жедел дамытады. Сол себепті Қазақстан экономикасы ғылыми жетістіктерді негізге алуы керек. Президент зерттеу жүргізіп, патент алу жеткіліксіз екенін атап өтті. Ғылыми жаңалықтарды өндірісте пайдалану қажет. Ғылымды жан-жақты дамыту үшін жаңа заң қабылдау керек.

Ұлттық инфрақұрылым және азық-түлік қауіпсіздігі

«Үшінші, инфрақұрылымды дамытуға қатысты ұстанымдарды қайта қарау қажет. Биылғы қыстың қалай өткенін баршаңыз білесіздер. Қыстың көзі қырауда бірқатар аймақта қалалар мен елді мекендер жылусыз қалды. Əбдентозғанэнергетикаинфрақұрылымыəрең жұмыс істеп тұр. Менің тапсырмаммен электр энергетикасы нарығын дамытудың жаңа үлгісі дайындалып жатыр. Сол арқылы осы салаға қосымша инвестиция тарту көзделіп отыр. Сондай-ақ бұл құжат осы саланың барынша ашық болуын қамтамасыз етпек.

Қазір Мəжілістің қарауында электр энергетикасына қатысты үш заң жобасы жатыр. Депутаттықкорпус заңнамадағы тиісті өзгертулерді шұғыл түрде қарап, қабылдауға тиіс. Коммуналдық желілердің əбден тозу салдарынан барлық өңірде дерлік қайта-қайта апат болып жатыр. Көптеген қалада жол, электр тарату желісі, газ құбыры секілді негізгі инфрақұрылымдардың тапшылығы қатты байқалады.

Біз еліміздің инфрақұрылымдық қуатын қалыптастыруымыз қажет. Сондықтан мен Ұлттық инфрақұрылым жоспарын қабылдауды ұсынамын. Құжатта осы саладағы басты мəселелер ашық көрсетілуге тиіс. Сонымен бірге 2029 жылға дейін іске асырылатын негізгі жобалар қамтылуы қажет», — деді Қ.Тоқаев.

Бұдан кейін Президент тұрғын үй мəселесіне тоқталды. Халықтың басым көпшілігі үшін баспана ең өзекті проблема екені жасырын емес. Мемлекет басшысы күн сайын жүздеген өтініш келетінін жеткізді. Оның ішінде қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді сұраған хаттар өте көп.

«Бұл түйткіл мемлекет тарапынан мүмкіндігінше шешіліп жатыр. Тағы да қайталап айтамын, мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жəрдем береді. Тұрғын үй саясаты нарықтағы ахуалға тығыз байланысты. Сондықтан біз осы саладағы саясатымызды қайта қарап, оның мейлінше əділ əрі икемді болуын қамтамасыз етуіміз керек.

Саладағы саясатты жүйелейтін жəне түбегейлі жақсартатын қала құрылысы кодексінің маңызы зор. Үкімет шекаралас аудандарда қоныстанғысы келетін азаматтарымыз үшін тұрғын үйді арзандату мəселесін шешудің жаңа тəсілдерін əзірлеуге тиіс.

Сондай-ақ инженерлік, əлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға жəне құруға назар аудару қажет. Менің ойымша, бұл маңызды стратегиялық міндет. Бізде 65 шекара маңы бар, өкінішке орай, олардың көпшілігінің əлеуметтік-экономикалық жағдайы төмен деңгейде.

Кейде бұл жайт экономикалық факторларға тиімсіз əкімшілік-аумақтық бөліністерден туындайды. Бұл аудандардың стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, менің тапсырмам бойынша əзірленіп жатқан ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде Шекара маңындағы аумақтарды дамыту жөніндегі нақты шараларды көздеу қажет. Басты мақсат — халықтың кетуін азайту, адамдардың өмір сүруі не қолайлы жағдай жасау, шекара маңындағы аудандардың экономикалық дамуына жаңа серпін беру», — деді Мемлекет басшысы.

Президент атап көрсеткен төртінші мəселе — азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қ.Тоқаев агроөнеркəсіп кешені бұл міндетті толық орындамай отырғанын тілге тиек етті. Осы саладағы саясат бірізді емес. Мемлекет тарапынан бөлініп жатқан қаражат тиімді жұмсалмайды. Өнім өндіруші мен тұтынушының арасында делдал көп.

«Əсіресе, кепілдікқамтамасызетугеталапжоғары. Агробизнестіқорландырудыңбаламақұралдарыбаяудамыпкеледі. Бұлазық-түлікинфляциясыдинамикасынатерісəсер етеді. Ауыл шаруашылығын қарқынды дамытуға қажетті жағдай жасау — мемлекеттік міндет. Сонымен қатар ауыл-аймақ арды кешенді түрде өркендету аса маңызды. Елімізде бірнеше жылдан бері «Ауыл — ел бесігі» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Соның аясында 1 мыңнан астам ауылдағы үш мың жеті жүз нысан жаңғыртылды. Оның бəрі —əлеуметтік жəне инженерлік инфрақұрылым нысандары. Бұл жұмыс болашақта да жалғасады. Биыл тағы 1,5 мыңнан астам жобаға бюджеттен 143 миллиард теңге бөлінеді.

Мен сайлау алдында ауылдағы кəсіпкерлікті дамыту қажеттігі туралы анық айттым. Бұл — маңызды міндеттің бірі. Оны ауыл шаруашылығы кооперациясы арқылы жүзеге асыру керек. Сол үшін «Ауыл аманаты» жобасы қолға алынады. Ауыл тұрғындарына 5-7 жылға жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Ауыл шаруашылығы кооперативтері халыққа қызмет көрсету жəне өнім өткізу үшін құрылады. Оларға құрал-жабдық жəне техника сатып алу үшін субсидия беріледі. Осы мақсатқа 1 триллионға жуық теңге бөлінеді.

«Ауыл — ел бесігі», «Ауыл аманаты» жобалары ауылды дамытуға арналған жаңа тұжырымдамаға арқау болуға тиіс. Топырақтың құнарын сақтап, оны жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану үшін бақылауды күшейту маңызды. Өнім көлемін арттыруға жəне оны əртараптандыруға баса мəн берген жөн. Ауыл шаруашылығы саласындағы реформаларға сапалы заңдар қажет. Бұл жұмысқа Мəжілістен орын алған «Ауыл» партиясы өз үлесін қосады деп сенемін», — деді Қ.Тоқаев.

Су тағдыры — ел тағдыры

Президент сондай-ақ су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де тоқталды. Өйткені бұл — стратегиялық маңызы бар міндет. Келешекте су мəселесі ушығып кетуі мүмкін. Сол себепті оның алдын алатын шаралар қабылдау қажет екені түсінікті. Президенттің айтуынша, Үкімет қазіргі таңда Су кодексінің жаңа жобасын əзірлеп жатыр.

«Су ресурстарын тиімді басқаруға жəне оларды қорғауға баса назар аудару керек. Осы жұмыста ғылыми ұстанымды, инновацияны, халықаралық озық тəжірибені басшылыққа алған абзал. Біздің елде судың 65 пайызы ауыл шаруашылығы саласына жұмсалады. Соның 60 пайызға жуығы құмға сіңіп кетеді. Мұндай ысырапшылдыққа жол беруге болмайды. Жаңа тариф саясатына көшу қажет. Оны дереу қолға алмасақ, ахуал одан əрі күрделене түсетіні анық.

Сумен жабдықтау нысандарын жəне барлық су саласын цифрландыру зор маңызға ие. Суару арналарын жаппай жаңғырту, гидиротехникалық құрылыстарды дербес басқаруға көшу, су ресурстарын пайдалануға квота енгізу, суды есепке алуды автоматтандыру керек. Бұл мəселенің бəрі сапалы нормативтік-құқықтық жəне заңнамалық қамтамасыз етуді талап етеді», — деді Президент.

Бұдан бөлек, Қ.Тоқаев адам капиталының сапасын барынша арттырудың маңызы туралы əңгімелеп берді. Бұл мəселеге айрықша назар аударып отырғанын жеткізді. Қазақстанның басты байлығы адам екеніне тоқталған Мемлекет басшысы қарым-қабілеті зор, білімді азаматтар елімізді алға бастайтынын атап өтті.

«Сол үшін білім беру жүйесін жан-жақты дамыту қажет. Соңғы жылдары мемлекет бұл салаға инвестицияны едəуір көбейтті. Балабақша тапшылығы біртіндеп азайып келеді. Барлық облыста мектеп салу, оны жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Оқу орындарын материалдық-техникалық жабдықтау ісі жанданды. Бірақ мұның өзі жеткіліксіз. Білім сапасын, əсіресе, орта білімнің деңгейін арттыру үшін батыл шешім қабылдау қажет.

Білім беру саласында ұстаз — ең басты тұлға. Оның қоғамдағы абырой-беделін арттыра беруіміз керек. Алайда мұғалімдердің, директорлардың жəне педагогикалық оқу орындары түлектерінің көпшілігі Ұлттық біліктілік емтиханынан өте алмады. Маған кейбір тəжірибелі ұстаздар тиісті министрлік дайындаған тапсырмалар тым күрделі деп шағымданды. Бəлкім, оны жеңілдету, жетілдіру керек шығар. Бұл салада қатып қалған қатаң ереже болмауы керек. Бірақ негізі, ұстаздарға қойылатын талап жоғары болуға тиіс.

Мұғалім тапшылығын желеу етіп, мектепке кез келген адамды жұмысқа ала беруге болмайды. Мұндай əрекет ұстаздардың біліктілік деңгейін күрт төмендетеді. Сол себепті мұғалім даярлау ісін жетілдіру үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Бұл — өскелең ұрпақтың болашағына байланысты өте маңызды міндет», — деді Президент.

Қ.Тоқаев білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсарту мəселесіне екпін берді. Оның айтуынша, осы салаға нағыз кəсіби мамандарды тарту қажет. Президенттік жастар кадр резерві секілді білім саласына өзгеріс əкелетін 1 мың маман арнайы дайындықтан өтпек. Тиісті бағдарлама қабылданады. Кадр мəселесі жоғары білім беру жүйесі үшін де өте өзекті. Адам капиталын дамытуға қатысты тағы бір мəселе — Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігіне байланысты. Елдегі медицина инфрақұрылымын жақсарту қажет.

«Оның жай-күйіне қатысты түйткілдер аз емес. Мемлекет соның бəрін біртіндеп шешіп жатыр. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауыл-аймақта 600-ден астам нысан салу жоспарланған. Жұмыстың бəрі уақтылы əрі сапалы жасалуы керек. Бұл — өте маңызды. Барлық жауапкершілік əкімдерге жүктеледі. Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің құқығын қорғауға көп көңіл бөлу қажет. Олардың əлеуметтік жағдайы да назардан тыс қалмауға тиіс. Осыған қатысты арнайы заң жобасы Парламентте бір жылға жуық талқыланды. Бұл құжатта, негізінен, дəрігерлердің жауапкершілігін сақтандыру ғана көзделген.

Қазір саламатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту айрықша маңызды. Əсіресе, балалардыңспортпенайналысуынажағдайжасауқажет. Мұныңбəрі халықтың денсаулығын жақсартуға мүмкіндік береді. Мен бұл мəселе жөнінде Жолдауымда айттым. Мемлекет спорт инфрақұрылымын жетілдіруге көп көңіл бөледі. Елімізде 43 мыңнан астам спорт ғимараты бар. Олардың жартысынан көбі ауылдық жерде орналасқан. Бірақ қарапайым жəне қолжетімді нысандар əлі де аз», — деді Қ.Тоқаев.

Мəселен, спорт ғимарат тарының басым бөлігі мемлекет меншігінде. Оларды күтіп ұстауға бюджеттен қомақты қаржы бөлінеді. Президент спорт саласын өркендетуге жергілікті өзін өзі басқару органдарының, меценаттардың жəне жарнама берушілердің əлеуетін пайдалануды ұсынды. Сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік əріптестік тəсілін кеңінен қолдануға кеңес берді. Бұқаралық спортты дамытуға тұрғындардың ынта білдіріп, белсенді атсалысуы маңызды. Өз кезегінде мемлекет бұған барлық жағдайды жасауға тиіс.

Ел сапасы — адам капиталы

«Бұқаралық спортты дамытуға, саламатты өмір салтын насихаттауға үлес қосып жүрген кəсіпкерлер мен басқа да азаматтар жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталады. Жалпы, бұл саладағы жұмыста көзбояушылық пен əміршілдік-əкімшілдік тəсілден бас тарту қажет. Үкімет пен əкімдіктер тиісті бағдарлама əзірлеп, шешім қабылдаған кезде осының бəрін ескеруге тиіс. Тағы бір маңызды мəселе бар. Мəдениет саласындағы саясатты жан-жақты ойластырып жүргізу керек. Қазір бұл саланы өркендету үшін жаңа тұжырымдама жасалып жатыр. Бұл құжат еліміздің мəдени мұрасын сақтау, насихаттау жəне ұлттық бірегейлікті нығайту ісінде шешуші рөл атқарады деп сенемін.

Шығармашыл зиялы қауым көпшіліктің көңілінен шығатын, мемлекеттің мүддесіне сай келетін туындылар ұсынады деп үміттенемін. Осы ретте креативті индустрияға жүйелі қолдау көрсету өте маңызды. Адам капиталын тұрақты дамыту жылдам өзгеріп жатқан қазіргі əлемде табысты ел болудың басты кепілі болады деп санаймын. Біз ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру арқылы əділетті мемлекеттің жəне үйлесімді қоғамның негізін қалаймыз. Мен «Қазақстанның халық əртісі» атағын қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылдадым. Биыл қазан айында — Республика күнінде осы атаққа лайықты мəдениет қайраткерлерінің алғашқы тобы марапатталады», — деді Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысы алтыншы басымдық ретінде əлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарды қолдауды атап көрсетті. Президенттің пайымдауынша, қиындыққа тап болған жандар еш көмексіз қалмауы керек. Мемлекеттің əділдігі мен қоғамның жанашырлығы осындайда көрінбек. Əсіресе, ана мен баланы қорғауға айрықша көңіл бөлінуге тиіс. Биыл бала күтіміне жəрдемақы беру мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға ұзартылды. Тұрмысы төмен отбасындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін əлеуметтік көмек қайта қаралды. Енді 100 мыңнан астам бала бұл көмекті ақшалай алады. Көпбалалы отбасыларға да айтарлықтай қолдау көрсетіліп жатыр. Жарты миллионнан астам отбасына арнайы жəрдемақы төленеді.

«Мен былтыр «Ұлттық қор — балаларға» бастамасын көтердім. Қазір осы бастаманы жүзеге асыруға дайындық жүргізіліп жатыр. Мемлекет мұқтаж жандарға атаулы əлеуметтік көмек көрсетуді жалғастыра береді. Осы орайда ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арнайы тоқталғым келеді. Елімізде осы санатқа кіретін 700 мыңнан астам адам бар. Азық-түлік пен дəрі-дəрмек бағасының қымбаттауы оларға оңай тиіп отырған жоқ. Біз ерекше қажеттілігі бар адамдарды жəне олардың күтушілерін қолдау шараларын күшейтуіміз қажет.

Сондай-ақ асыраушысынан айырылған азаматтар назардан тыс қалмауы керек. Осы орайда Үкіметке аталған санаттағы адамдардың жəрдемақысын орта есеппен 14,5 пайызға көбейтуді тапсырамын. Мұны биылғы 1 қыркүйектен бастап қолға алу қажет. Қазақстан біздің аймақтағы осындай əлеуметтік жəрдем беретін жалғыз мемлекет деуге толық негіз бар. Жалпы, əлеуметтік қолдау алдын ала жəне шын мəнінде мұқтаж жандарға көрсетілуге тиіс.

Дегенмен кез келген көмек масылдыққа себеп болмауы керек. Əсіресе, еңбеккежарамдыжасазаматтаржəрдемақыға қол жаймауға тиіс. Денсаулығы мықты, күш-қуаты бар азаматтар үшін бұл — ұят нəрсе. Ал зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарға айрықша көңіл бөлу керек. Осындай жұмысшыларға арнайы төлем төлеу мəселесін ойластырған жөн. Бұл ретте еліміздегі жəне халықаралық тəжірибені мұқият зерделеу маңызды. Мемлекеттік көмек əлеуметтік қатердің салдарын жоюға емес, оның алдын алу үшін берілуі қажет. Парламент пен Үкімет осы бағытта бірлесе жұмыс істеуі керек. Қазақстан халық партиясы мен Жалпыұлттық социалдемократиялық партиясының депутаттары əлеуметтік мəселелерді шешуге белсене атсалысады деп сенемін», — деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуды жалғастырудың маңызына тоқталды. Өмірдің бүкіл саласында құқық үстемдігі қағидатын сақтау еліміздің қарқынды ілгерілеуінің іргетасына айналуы керектігін жеткізді. Осындайда əрбір азаматтың өз құқыған қорғауға сенімді болуы, соттардың əділдігіне күмəн келтірмеуі маңызды. Мұнда кəсібилігі жоғары жəне ақшаға сатылмайтын судьялар корпусын қалыптастыру шешуші рөл атқарады. Екінші жағынан, барлық азамат сотта өз құқығын қорғау үшін сапалы заң қызметтеріне бірдей қол жеткізуі керек. Осы мақсатта мемлекет əлеуметтік осал топтағы зардап шеккендерге заң көмегіне кепілдік береді.

«Сондай-ақ адвокаттардың рөлін арттыра түсу қажет. Оларға сотқа дейінгі тергеудің басынан бастап қылмыстық істің материалдары еш кедергісіз берілуге тиіс. Жұрт заңдардың кейбір ережелеріне наразылық білдіріп, шағым айтуда. Конституциялық соттың шешімдері кейбір шағымдардың орынды екенін көрсетіп отыр. Яғни заңнаманың жекелеген нормалары Ата заңға қайшы екені анықталды. Бұл келеңсіздіктер құқық қолдану ісінде қиындықтар туғызады. Конституцияға қайшы мұндай нормалар жарамсыз деп танылады. Осындай ережелерге сүйеніп қабылданған соттың жəне басқа мемлекеттік органдардың шешімдері қайта қаралуға тиіс. Заңдарымыз Конституцияға толық сай болуы керек. Парламент осы маңызды мəселеге байланысты табандылық танытып, басты рөл атқаруы қажет. Бұл жұмыс азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жүйесін күшейте түсуге мүмкіндік береді. Құқық қорғау саласындағы тағы бір күрделі мəселе — адам саудасы. Бұған тосқауыл қою үшін арнайы заң қабылдау қажет», — деді Қ.Тоқаев.

Мұндай заң адам саудасының құрбанына айналған азаматтарды қорғау мен əлеуметтік қолдауды қамтамасыз етпек. Əсіресе, қазіргідейамалсызкөші-қонөршіп тұрғанда өте өзекті. Осы орайда, заңда əлемдегі озық тəжірибелер ескерілуі керек екеніне назар аударды. Алайда ұлттық құндылықтарымыз назардан тыс қалмауы керек. Сол себепті заң жобасын əзірлеп жатқанда жергілікті сарапшылар, заңгерлермен қатар халықаралық ұйымдардың өкілдерін шақыруға кеңес берді.

«Қазақстан – 2050» стратегиясы қайта қаралады

«Сайлау алдындағы бағдарламалар жəне уəделер ретімен орындалуы керек. Сонда азаматтардың билікке жəне шынайы өзгеріске деген сенімі артады. Реформаларды əзірлеу жəне жүзеге асыру ісінде мемлекеттік қызметшілер маңызды рөл атқарады. Сол себепті жұмысқа ынтасы бар жəне жоғары білікті мамандарды мемлекеттік қызметке тарту керек. Жеке секторда жүрген кəсіби жəне дарынды басқарушылар үшін жол ашық болуға тиіс. Бізге мемлекеттік қызметтің барынша үйлесімді үлгісіне көшу қажет. Орталыққа жалтақтамай, жергілікті жерде мəселені шешуге дағдылану керек. Мемлекеттік органдардағы жұмысты ұйымдастыру мəдениетін де толық жаңғыртқан жөн», — деді Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысы былтыр мемлекеттік аппарат пен норма шығару үдерісінің қызметін бюрократиясыздандыру бағытында маңызды жұмыс басталғанына тоқталды. Мəселен, ең маңызды мəселелер бойынша сапалы заңдарды тез қабылдау үшін қажетті жағдайлар жасалған. Бірақ Президенттің айтуынша, шынайы бюро кратиядан құтылғанымыз жоқ. Үкімет бюрократия мен ведомстволар арасындағы, Үкімет пен Президент Əкімшілігіарасындағыкөптегенкелісімдергесəйкес келетін маңызды шешімдерді қабылдаудан бас тартады.

Мемлекет басшысы электрондық парламент пен барлық деңгейдегі мəслихаттар қоғамның билікке деген сенімін арттыратынын алға тартты. Мысалы, министрлер шешім қабылдаудан қорқады, жауапкершілікті əріптестеріне немесе қарамағындағыларға жүктейді. Бұған жол беруге болмайды. Цифрландыру мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін ұлғайтуда рөлі ерекше.

«Электрондық үкіметтің инфрақұрылымын дамытумен қатар, биліктің өкілді тармағын одан əрі цифрландыруға да назар аудару қажет. Электрондық парламент пен барлық деңгейдегі мəслихаттар қоғамның билікке деген сенімін едəуір нығайта алады. Жүргізіліп жатқан реформалардың нəтижелігінің негізгі шарттарының бірі — толық жəне сенімді деректердің болуы болып есептеледі. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету үшін деректер қорын өзара кіріктіру жəне «ақылды технологияны» пайдалану өте маңызды. Бұл қадам қабылданатын шешімдердің сапасын арттырады. Сондай-ақ шалғайдағы ауыл тұрғындарына осы игіліктің бəрі қолжетімді болады. Ол үшін мемлекеттік қызмет, мемлекеттік статистика жəне мемлекет көрсететін қызметтер туралы заңдарға өзгертулер енгізу қажет.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жаңғырту мəселесіне жеке тоқталғым келеді. Кейінгі жылдары əлемде теңдессіз геосаяси, экономикалық жəне технологиялық өзгерістер болды. Осыған орай біздің кейбір стратегиялық құжатымыз өзектілігін жоғалтты. Сондықтан «Қазақстан – 2050» стратегиясын» түбегейлі қайта қарау қажет. Яғни бұл құжатты қазіргі жаһандық үдерістерді ескере отырып, ел дамуының ұзақ мерзімге арналған басымдықтарын айқындайтын стратегияға айналдыру керек. Жалпы, кез келген жұмыс мұқият жоспарлануға тиіс. Сонда мемлекеттік саясат стратегиялық сипатқа ие болады жəне тұрақты жүзеге асырылады. Сонымен бірге еліміз кез келген сын-қатерге төтеп бере алады», — деді Қ.Тоқаев.

Президент өз сөзінде депутаттардың əрдайым барлық істің бел ортасында жүретініне назар аударды. Осы орайда, ел мүддесінен жоғары ештеңе жоқ екенін баса атап өтті. Сондықтан популизмге, жеке бастың мүддесін көздеуге жол бермеуге шақырды. Парламент пен мəслихаттарды əрдайым бірлесе жұмыс істеуге үндеді. Сонда мемлекет саясаты барынша үйлесімді болмақ. Жергілікті биліктің шамасы келмейтін ауқымды мəселелерге орталық дер кезінде көңіл бөледі.

«Реформалардан кейін депутаттардың өкілеттігі біршама кеңейді. Қос палатаның жұмысына бірқатар өзгеріс енгізілді. Бұрын заң жобасын Мəжіліс мақұлдап, Сенат қабылдайтын. Енді заң қабылдау құзыреті Мəжіліске берілді. Мəжіліс басқа да артықшылыққа ие болды. Сондықтан осы залды Мəжіліске тұрақты түрде пайдалану үшін беру керек. Осылайша, жоғары өкілді орган шын мəнінде ықпалды Парламентке айналды.

Мен Премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия Мемлекет басшысына ұсынуға құқылы деп айттым. Осы ретте саяси жауапкершілік те сол партияға жүктеледі. Бұл тəсіл «күшті Президент — ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына сай келеді. Үкімет əлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыруға тиіс. Болашақта Үкіметтегі жəне аймақтардағы басшылық қызметтерге түрлі партия өкілдерін тартқан жөн. Ол үшін саяси партиялардың кадрлық резервін жасақтауды ұсынамын. Сондай-ақ өкілді жəне атқарушы биліктің қарым-қатынасы жаңаша сипатқа ие болады. Енді Үкімет шын мəнінде есеп беретін Үкіметке айналады», — деді Мемлекет басшысы.

Қ.Тоқаевтың айтуынша, министрлердің өз жұмысын жетік білуі ғана жеткіліксіз. Олар өз ұстанымын Парламент алдында қорғауға қабілетті болуға тиіс. Өз бастамаларын қоғамға анық түсіндіруі қажет. Президенттің пайымдауынша, қазір Үкіметтің қателігі мен кемшілігін ашық айтып, жөнге салып отыруға толық мүмкіндік бар. Осы мүмкіндікті халық мүддесі үшін дұрыс пайдалану керек.

«Парламенттің өз жұмысы да барынша ашық болуға тиіс. Бүгінде оның жиындары интернет арқылы көрсетіледі. Бұл жақсы үрдіске айналды. Оған журналистер де, қалың көпшілік те қызығушылық танытады. Парламентте аса маңызды мəселе талқыланса, жалпы отырысты мемлекеттік телеарна арқылы тікелей эфирде көрсету қажет деп санаймын. Азаматтар өздері сайлаған депутаттың қалай жұмыс істейтінін нақты көріп, баға бере алады. Парламенттегі пікірталастар, шын мəнінде, жалпыұлттық ауқымға ие болады.

Сонымен бірге бұл тəсіл ашық саясат жүргізудің жаңа стандарттарын қалыптастыруға, қоғамдық диалог мəдениетін дамытуға септігін тигізеді. Депутат болу — биік мансап емес, бұл — зор жауапкершілік жəне маңызды міндет. Сіздерді халық сайлады. Жұрт өздеріңізге сенім артып отыр. Ел сенімі — ел аманаты.

Бізге орасан зор жауапкершілік жүктелген. Бұл — өткен тарихтың жəне болашақтың алдындағы жауапкершілік. Келер ұрпақтың қандай мемлекетте өмір сүретіні біздің бүгінгі шешімдерімізге тікелей байланысты.

Еліміздің мақсаты — айқын, бұл —ƏділеттіҚазақстандықұру. Мұныңбəрі бір күнде жасалатын шаруа емес. Баршамыз табанды, еңбекқор, білікті, ұқыпты, тəртіпті болуымыз керек. Ең алдымен, отаншыл болуымыз қажет. Ұлттың жəне мемлекеттің мүддесі бəрінен биік тұруға тиіс. Əрине, қоғамныңдамуыүшінпікіралуандығықажет. Бірақелдікмəселелерге келгенде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білген жөн.

Елімізді өркендету үшін еңбек ету — баршамыздың азаматтық борышымыз. Ендеше, Отан алдындағы осы перзенттік парызымызға əрдайым адал болайық. Жұмыстарыңыз табысты болсын! Қазақстанымыз көркейе берсін!» деп сөзін түйіндеді Қ.Тоқаев.

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan».

30 наурыз 2023 жыл.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button