Спорт

Мемлекеттік қызметтегі теңбіл доп шеберлері

Чемпионат

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы «AQTOBE QYZMET CUP» шағын-футбол чемпионаты өз мәресіне жетті.

Чемпионат бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және мемлекеттік қызметшілердің спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында қараша айында басталған болатын. Доп додасына

10 команда қатысып, өзара үздіктерін анықтады. Барлық матч демалыс күндері өтті.

Тартысты өткен футбол чемпионатының нәтижесі бойынша бірінші орын мен Чемпион кубогын құтқарушылардан құралған «Жалын» командасы жеңіп алса, екінші жүлделі орынды облыс әкімінің аппараты алды. Ал үшінші орын төтенше жағдайлар департаментіне бұйырды. Сонымен қатар «Үздік чемпионат ойыншысы», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» және «Үздік гол»  номинациялары бойынша жеңімпаздар марапатталды.

Жарыстың жабылу салтанатына облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы басшысы мен облыс әкімі аппаратының кадр бөлімінің басшысы қатысып, мемлекеттік қызметте жүрген футболшыларға сәттілік тіледі.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button