Спорт

Ырғыз — «Үздік аудан»

Бұқаралық спортты дамытудағы жетістіктері үшін Ырғыз ауданы облыстағы «Үздік аудан» номинациясын жеңіп алды.

Ақтөбе қаласындағы Жекпе-жек сарайында өткен «Жаңа белес-2022» атты жылдың үздік спортшыларын марапаттау іс-шарасында Ырғыз ауданы облыс бойынша бұқаралық спортты дамытудағы жетістіктері үшін «Үздік аудан» номинациясын иеленді.

Ауданның биыл екінші мәрте үздік атануы — аудан спортшыларының, спорт ардагерлерінің, Ырғыз балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің, спорт федерацияларының, спорт жанашырларының, ауданның осы салаға жауапты бөлімінің ортақ жеңісі, бірлесе жасаған жұмысының нәтижесі.

  • Біздің аудан өткен жылы да бұқаралық спорттың дамуына елеулі үлес қосып, 12 ауданның ішінде үздіктер қатарынан табылған болатын. Былтыр алдыңғы орындарда Ырғыз, Байғанин, Мұғалжар аудандары болса, биыл Ырғыз, Темір, Шалқар аудандары алда тұр, — дейді Ырғыз балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Самұрат Садриев.

Жетістігі көп бұл мектепте биыл жыл басынан бері ондаған шара ұйымдастырылған.

Д.ҚАЗИХАН,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button