Спорт

«Жамағат барысы» атанды

Қазақ күресі

Наурыз мейрамына орай Ақтөбеде «Жамағат барысы» өтті.

Қазақша күрестен облыстық сайысты Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы жариялаған «Ислам және ізгі қоғам» жылының аясында осы бірлестіктің біздің өңірдегі өкілдігі мен облыстық дін істері басқармасы және «Ихсан» орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

Сайыстың ашылуында облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.«Жамағат барысы» екі салмақ дәрежесі — 80 келіге дейінгі және одан жоғары салмақ дәрежелері бойынша өтті. Жарыстың бас төрешісі Рүстем Серікұлы болды.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде І орынды Ақтөбедегі «Нұрдәулет» мешітінің атынан қатысқан Әлібек Сержан иеленді. Ал ІІ орынды — Дулат Нұржанов («Бақытжан» мешіті), ІІІ орынды Айбек Кенжалин («Нұрдаулет» мешіті) жеңіп алды.

80 келіден жоғары салмақта мұғалжарлық Айсұлтан Жамбыл жеңімпаз атанды.

ІІ орынды — Медет Байқазақов (Ақтөбе қалалық орталық мешіті), ІІІ орынды Азат Жұмабаев (Досжан хазірет мешіті) иеленді.

Жеңімпаздарға — 150 мың теңге көлемінде, ал ІІ және ІІІ орын алған жүлдегерлерге, сәйкесінше, 100 мың және 70 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді.Сондай-ақ ІІІ орын үшін белдесуге дейін жеткен Нұрлан Дәулетқали (Байғанин аудандық орталық мешіті) мен Нұржау Наурызбаевқа (Досжан хазірет мешіті) ынталандыру сыйлықтары табысталды.

А.ТАЖИКОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button