Спорт

Жеңіліспен басталған іріктеу

Еуропа чемпионаты-2024

Обалына не керек, алғашқы голды ақтөбелік Максим Самородов соқты. Бірақ…

2024 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің алғашқы ойынын Қазақстан құрамасы Астанада өткізді. Расына келгенде, басымдық негізінен Словения құрамасында болды. Ойынның 58 пайызында доп қонақтардың аяғында жүрді және олар тура қақпаға қарата 6 соққы жасады (Қазақстан — 2 соққы ғана). Жерлестеріміз М.Самородов гол соққан сәттен бастап бірқыдыру уақыт бойы қанаттана ойнағанымен, қалған кезде онша жарқырай алмады. Қонақтар екінші таймда екі жауап гол соқты да, үш ұпайды иемденіп кете берді.

Қазақстан-Словения — 1:2

Гол авторлары: Максим Самородов, 24-минут (1:0); Давид Брекало, 47-минут (1:1); Жан Випотник,78-минут (1:2).

Қазақстан құрамасы төмендегі құрамда ойнады: Игорь Шацкий (қақпашы), Михаил Габышев (Бағдат Қайыров, 68-минут), Сергей Малый, Александр Марочкин, Марат Быстров (Абзал Бейсебеков, 79-минут), Ян Вороговский, Рамазан Оразов, Асхат Тағыберген (капитан), Аслан Дарабаев (Темірлан Ерланов, 79-минут), Михаил Самородов (Бауыржан Исламхан, 62-минут), Абат Айымбетов (Бақтияр Зайнутдинов, 62-минут).

Бас бапкер: Магомед Адиев.

*   *   *

Қазақстан келесі ойынын 26 наурыз күні тағы да Астанада Дания құрамасымен өткізеді.

«Н» тобындағы құрамалар: Дания, Финляндия, Словения, Қазақстан, Солтүстік Ирландия, Сан-Марино.

Е.АХАТҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button