Басты жаңалықтарСпорт

Алтын мен күміс жауған күн


Жақында Тәжікстанның Ходжент қаласында қоян-қолтық күрестен 19 елдің өкілдері қатысқан жарыс өтті. Орта Азия бойынша жастар арасында өткен бұл жарыста Қазақстан спортшылары I орынға шықты. Ал Ақтөбе құрамасынан 6 адам қатысып, барлығы да жеңіспен оралды. Әлішер Есенбай, Еламан Демекбай, Баладін Мұнтұрғанов және Сабира Мырзағалиева алтын медальді алқаласа, Қуаныш Ерғожин, Меруерт Тікебаева күміс медальді иеленді.

— Бұл — Ақтөбе облысы үшін үлкен мәртебе. Алдағы қыста Ақтөбе қаласында болатын аймақтық  жарысқа қатысуы тиіс бұл жеңімпаздарымызға сәттілік, ақ жол тілейміз, – деді Ақтөбе «Қоян-қолтық ұрыс» федерациясының президенті Айбек Шоқпытов.

Сондай-ақ Өзбекстанның астанасы Ташкентте самбо күресінен өткен жарыста Анар Сейтімова, Райса Байлиева, Эльмира Ысқақова, Алтынбек Қалмағанбетов өз дәрежелері бойынша жеңімпаз атанды.

Жұлдыз АМАНГЕЛДИЕВА,

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің 1-курс студенті.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button