Басты жаңалықтар

Юрий Ильин Қобда және Ойыл аудандарындағы ағымдағы жағдаймен танысты

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов елдімекендерді аралап, су тасқынының ағымдағы жағдайымен, сондай-ақ Қобда және Ойыл аудандарында табиғи апаттың салдарын жою бойынша жүргізіліп жатқан апаттық-құтқару және шұғыл шаралармен танысты.

Екі ауданда қардың қардың еруінен тұрғын үйлер, аула аумақтары мен қосалқы шаруашылықтар су астында қалды (Қобда ауданында – 79 үй, Ойыл ауданында – 2 үй және 12 аула аумағы). 19 үй мен 12 аула аумағы су астында қалды, мұнда су тасқынына қарсы белсенді іс-шаралар мен су бұру жұмыстары жүргізілуде.

400-ден астам адам эвакуацияланды, кейбірі үйлеріне қайтуда, қазір 140 адам оралды. 4000-нан астам малды қауіпсіз жерге айдалды.

Елді мекендерді аралау барысында ТЖМ басшысы облыс әкімімен бірлесіп су басқан аумақтарға және жеке тұрғын үйлерге барды.

Эвакуациялық пунктке орналастырылған қобдалықтарға қазіргі жағдай туралы айтылды.
Ералы Тоғжанов су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға үйлерін қалпына келтіру және салу бойынша жан-жақты көмек көрсетілетінін атап өтті.

💬 «Біз аудандарды әуеден қарап шықтық.  Ойыл ауданында күрделі жағдай байқалуда.  Жергілікті атқарушы органдардың бағалау комиссиясы жұмыс істейді, ол жақын арада азаматтардың мүлкі мен залалын бағалау бойынша өз жұмысын аяқтайды. ТЖМ бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың жұмысы барлық үйден су айдалып біткенге дейін жалғасатын болады. Жағдай бақылауда. Жағдайдың ушығуы байқалмайды. Алдағы 10 күнде облыстың барлық солтүстік аудандары қардан тазарады, су ағынының мұндай жоғары деңгейі күтіліп отырған жоқ», – деп түсіндірді Юрий Ильин.

Апаттық-құтқару және шұғыл жұмыстарға, екі ауданның су тасқыны салдарын жоюға жеке құрамның 900-ге жуық адамы, 650 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Жалпы, су тасқыны кезеңі басталғанға дейін қабылданған су өткізгіш құбырларды орнату, арық жүйесін тазарту, қар шығару бойынша су тасқынына қарсы алдын алу шаралары тасқынның қаупін сейілтуге ықпал етті.
Су тасқыны кезеңінің басынан бастап 390 000 текше метрден астам су сорылды, 26 шақырымнан астам арық тазартылды, 24 000-нан астам инертті материал салынған қап төселді, ұзындығы 200 метрге жуық уақытша бөгет салынды, ұзындығы 500 метр жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. Облыс бойынша елдімекендерден шамамен 525 000 текше метр қар шығарылды.

Су тасқынына қарсы шаралар жалғасуда.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button