Басты жаңалықтар

Ақтөбедегі су тасқыны жағдайы тұрақты

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Ақтөбе су қоймасының қазіргі жағдайымен, сондай-ақ Песчанка өзеніндегі судың өтуімен танысты.

Былтырғы жылдың күзінде Ералы Тоғжанов қалалық және облыстық ТЖД басшылығына 2022 жылдың көктемінде ақтөбеліктерге көптеген проблемалар туғызған учаскелерге ерекше назар аударуды, су тасқынының алдын алу бойынша тиімді шаралар қабылдауды тапсырған еді.

Естеріңізге салайық, 1993 жылдың сәуір айында алғаш рет Песчанка өзені көтеріліп, жиырмадан астам жағалауға жақын үйлерді су басқан.

Мұндай жағдайды болдырмау мақсатында өзен арнасын құрғақ және қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде еріген қар суының кедергісіз өтуі қамтамасыз етілді.

Әкім өзенді тексеріп, проблемалық учаскені тазарту туралы шешім дұрыс қабылданғанына көз жеткізді. Су деңгейі бір метрге дейін түскен.

Ералы Тоғжанов Песчанка арнасының жағалауын нығайтуды және абаттандыруды тапсырды.

📝 «Өткен жылы біздің үйлерге су кірді. Күзде өзен тазартылды және өзіңіз көріп отырғаныңыздай, қазір су жақсы өтіп жатыр. Үйлер мен тұрғындарға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Уақытылы қабылданған шаралардың арқасында біз алаңдамаймыз», – деп Песчанка өзенінің бойында орналасқан үйдің тұрғыны Елубай Сеймағамбетов пікірін айтты.

Ақтөбе су қоймасында жағдай тұрақты, еріген қар суын ағызу бойынша шаралар қабылдануда.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша облыс әкімі «Қазсушар» АФ мамандарына талдау жүргізуді және су қорын құру (суды ұстап қалу) бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Жалпы, Ақтөбедегі ағымдағы жағдай тұрақты. Су тасқыны кезеңінен өту мәселесі – өңір басшылығының жеке бақылауында.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button