Басты жаңалықтар

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов өңір тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Өңір басшысы өзекті мәселелерді шешуде көмек сұраған 60-тан астам адамды қабылдап, талап-тілектерін тыңдады.

Негізінен, облыс тұрғындарын тұрғын үй, жер учаскелерін алу, Ақтөбе қаласының тұрғын үй алаптарын инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек көрсету және т. б. мәселелер қызықтырады.

Ералы Тоғжанов барлық өтініштерге толық жауап берді. Егжей-тегжейлі зерделеуді қажет ететін мәселелерді облыс әкімі өз бақылауына алды. Мемлекеттік органдардың басшыларына заң аясында азаматтардың проблемаларын шешуге жәрдемдесу туралы тапсырмалар берілді.

Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдауы алдын-ала жазылу бойынша тұрақты негізде жүргізіледі.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button