Спорт
«Ақтөбе» «Оқжетпесті» оңдырмай ұтты

Премьер-Лига
Кеше, 9 наурыз күні, Премьер-Лиганың 2-тур ойындары өтті.
«Ақтөбе» өз алаңымызда Көкшетаудың «Оқжетпес» командасын қабылдады.
Әуелі қонақтар гол салып кеткенімен, жерлестеріміз мығым жауап беріп, қонақтарды ірі есеппен ұтты.
«Ақтөбе»-«Оқжетпес» — 5:1
Гол авторлары: Алексей Татаев, 10-минут (0:1), Әлібек Қасым, пенальти, 26-минут (1:1), Максим Самородов, 41-минут (2:1), Максим Самородов, пенальти, 45+3 минут (3:1), Ыдырыс Умаев, 76-минут (4:1), Ескендір Қыбырай, 88-минут (5:1).
Осылайша екі ойыннан соң 6 ұпай ұпай жинаған «Ақтөбе» көшбасшылар сапына шықты.
Жерлестеріміз келесі кездесуін 14 наурыз күні сырт алаңда өткізіп, «Астана» командасымен ойнайды.
Е.АХАТҰЛЫ.