Спорт

Амангелдінің аты озды

Волейбол

Жуырда қыздар арасында волейболдан облыстық Ұлттық мектеп лигасы өтті. Бұған облыстағы білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептердің 5-6 сынып оқушылары қатысты. Ақтөбе қаласы мен аудандардан барлығы 10 команда келді.

Теңбіл доп додасында Хромтау мен Ойыл ауданының ойыншылары финалға шықты. Тартысты жарыста Ойыл ауданынан келген команда  чемпион атанып, республикалық лигаға жолдама алды.

Ойыл ауданының намысын арқалап келген Көптоғай ауылдық округіне қарасты Амангелді ауылының  5-6 сынып оқушыларынан жасақталған команданың аудандық іріктеуден өтіп, облысты бағындырғаны — үлкен жетістік. Демек, аталған ауылда доп спорты жақсы дамығынын көруге болады.

Бізге финалға шығу оңай болмады. Алдымен Байғанин, Қарғалы, Әйтеке би аудандарынан келген командалармен кездестік. Командалар әр ұпай үшін барын салып ойнады. Ал финалда Хромтау командасымен сынға түстік. Ойын өте қиын болды, кейде тіпті абдырап қалдық. Бірақ ойындарымыз нәтижелі болып, қателіктерге барынша жол бермей, аса сақтықпен қимылдадық. Қарсыласты 2:0 есебімен жеңдік. Бұл жарыс бізге жеңіс пен қуаныш сыйлады, — дейді команда капитаны Марта Сәнгереева.

Жеңімпаз команданың жаттықтырушысы Өркен Халидуллиннің айтуынша, жас футболшылар бұған дейін 2 мәрте аудандық жарыстардың чемпионаты атанған. Өткен жылы облыстық лигаға қатысқанымен, жолы болмады. Сол олқылықтың орнын толтыру үшін биыл мұқият дайындалыпты. Нәтижесінде облысты бағындырып, алақандай ауылдың қыздарыенді республикалық жарыста өнер көрсетеді.

С.ЖҰБАНҒАЗИН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button