Басты жаңалықтар

Ақтөбеде еріктілер жалғызбасты қариялардың аулаларын қардан тазартуда

Ақтөбеде қар шығару жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Қыс мезгілі басталғалы барлығы 213 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Жеке тұрғын үй иелері аулаларын қардан тазартып, мердігер мекемелердің арнайы техникалары жол жиегіндегі үйілген қарды тиеп, алып кетуде. Алайда, қала тұрғындарының арасында ауыр жұмысқа жарамайтын адамдар да бар. Осы ретте облыстық жастар ресурстық орталығы белсенді волонтерлерді жұмылдырып, жалғызбасты 17 қарттың үйінің ауласын қардан тазартуға кірісті.

💬 «Қалалық әкімдіктің берген тізімі бойынша кеше қаламыздағы волонтерлік топтардың белсенділерімен бірге қариялардың үйінің ауласын қардан тазарттық. Жұмысты әрі қарай жалғастырамыз. Әр үйге 5-6 волонтерден бөлінді. Қар аршуға жігіттер тартылды, ал қыздар үйдің ішін жуып-тазалауға көмектеседі», – дейді облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрлыбек Мусин.

Ізгілікті іске Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының өкілдері, «Volonter.2020_aqtobe» қоғамдық бірлестігінің, «Волонтеры КРМУ», «Жұбанов жылуы», «Медик волонтер», «Мұрагер», «Жас сақшы», «Аңсар» секілді волонтерлік тобының белсенділері атсалысты.

Н.АРМАНҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button