Басты жаңалықтар

Ақтөбеліктер қаланы қар мен судан тазалап жүрген коммуналдық мекеме жұмысшыларына алғыстарын білдірді

Қыс мезгілі басталғаннан бері Ақтөбеде 213 мың текше метр қар арнайы полигонға шығарылды. Сонымен қатар, 7 наурыздан бастап 20 мың текше метр еріген және жаңбыр суы сорылды.

Жыл сайын су басу қаупі бар учаске деген тізімге енетін көшелердің тұрғындары қардың уақытылы тазаланып, шығарылғанына алғыстарын білдіруде.

💬«Біз қала билігінің мерзімінде қабылданған шаралары үшін өте ризамыз. Биылғы жылы қар әдеттегіден көп. Ауламыз жыл сайын суға бататын еді, бірақ, қазір ондай нәрсе жоқ. Красин көшесіндегі қарды ақпан айынан тазалау басталды. Адамдар шыдамды болып, сабырлық танытуы керек, ашуланып, түрлі сөз айтудың қажеті жоқ. Өйткені қар шығарылып, су сорылып жатыр, мен мұның бәрін өзім көріп тұрмын», – деп атап өтті ақтөбелік Жаным Жасжанова.
💬«Бізде де үнемі қар шығарылады, соның арқасында биыл ешқандай проблема жоқ», – деп Ақтөбе көшесінің тұрғыны Гүлнар Қисықова да оның сөзін растады.

💬 «Мен мұнда ұзақ уақыттан бері тұрып жатырмын. Қар тазаланады. Биыл қар екі есе көп жауды. Еріктілер келіп, ауладағы қарды шығаруға көмектесті», – деді Гүлмира Оразова.

Қалада қар шығару жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, бүгін ауа температурасының көтерілуіне байланысты шаһар көшелеріндегі еріген қар суын соруға 133 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Ассенизаторларды учаскелерге бөлу Богослов автожолының маңындағы алаңда өтті.

💬 «Қар ери бастады, біздің міндетіміз – сол еріген қар суын жылдам сорып алу», – деді облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин.

Ассенизаторлардан бөлек, учаскелерге 50 мотопомпа бөлінген.

💬 «Біз адамдарға мүмкіндігінше көмектесуге тырысып, тәулік бойы жұмыс істеудеміз. Алғыс айтатындарды да жиі естиміз», – дейді учаске бригадирі Парасат Қуаныш.

Н.АРМАНҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button