Басты жаңалықтар

Ақтөбе облысының су тасқынына қарсы жұмыстары бойынша ақпарат 

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен бірге аумақтағы көктемгі су тасқынын болдырмау жұмыстары барысымен танысты. 

400 шақырымды құрайтын әуе маршруты Алға және Темір аудандарын қамтыды.

Өңір басшысы Алға ауданын аралау барысында Жерұйық ауылы маңындағы Жіңішке өзенінің бастауын, Қайыңдысай ауылында ескі Тәңірберген бөгетін көріп,   Көлтабан ауылындағы ескі Көлтабан бөгетінің қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Су деңгейін көру барысында Ералы Тоғжанов  аудан басшылығына шұғыл түрде Көлтабан бөгетін қалпына келтірудің жаңа жобасын әзірлеуді тапсырды.

Сапар барысында Темір ауданы аумағындағы «Шұбарқұдық-Ойыл» автожолының жайымен танысты. Күннің күрт жылынуы мен көп мөлшерде жауған қар аралас жаңбыр салдарынан Кенжалы өзені  көтерілу салдарынан автожолдың 16-шақырымында су басу қаупі байқалған. Арнайы мамандардың жедел әрекет ету шараларының нәтижесінде автожол қалпына келтірілді. Жағдай  – өңір басшысының бақылауында.Е. Тоғжанов Темір ауданының әкіміне Шұбар ауылында арық желілерін салуды тапсырды.

Әуе маршруты Сазды, Тамды өзендерінің бастауын бағамдаумен қорытындыланды. Өзендердегі мұз әлі қатып тұр.

Облыс әкімі өңірде су тасқынын болдырмау жұмыстары бойынша тұрақты мониторингті күшейту қажеттігін атап өтті.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button