Спорт

Жеңіспен басталған чемпионат

Премьер-Лига

«Жетісу»-«Ақтөбе» — 0:1

 4 наурыз күні Премьер-Лига ойындары басталды.

«Ақтөбе» Алматының «Жас қыран» стадионында Талдықорғанның «Жетісу» командасымен кездесті.

Жоғары топқа Бірінші лигадан биыл қайта қосылған талдықорғандықтарды көпшіліктің пікірі бойынша «Ақтөбе» жеңуге тиіс еді. Жеңді де. Жерлестеріміз бірінші таймның соңы мен екінші таймда тұтастай дерлік басымдылықпен ойнады. Ал кездесудегі жалғыз гол 83-минутта соғылды. Бразилиялық Элдер Сантана оң қапталдан шеберлікпен тастаған допты үш қорғаушының ортасында жүрген Максим Самородов қақшып түсіп, ыңғайына келтіріп алды да, дереу соққы жасады. Жетісулық қақпашы қозғалып та үлгере алмай қалды. Айта кетерлігі, М.Самородов ойынға екінші таймда, 77-минутта қосылған болатын.

Ал «Жас қыран» стадионын кездесу бойына ақтөбеліктердің қолдауы тынымсыз жаңғырықтырып отырғандығын да ескерте кеткен жөн.

«Жетісу»-«Ақтөбе» — 0:1.

Гол авторы: Максим Самородов, 83-минут.

«Ақтөбе» төмендегі құрамда ойнады: Стас Покатилов (қақпашы), Лука Гадрани, Әлібек Қасым, Әділхан Таңжарықов (капитан), Даниил Пенчиков, Уго Видемонт (Идрис Умаев, 88-минут), Милаш Раичкович (Жұмабек Абылайхан, 77-минут), Арман Кеңесов (Дмитрий Яшин, 90+6 минут), Леонель Струмия, Андрия Филипович (Максим Самородов, 77-минут), Элдер Сантана.

Бас бапкер: Андрей Карпович.

4 наурыз  2023 жыл. Алматы қаласы, «Жас қыран» стадионы. 800 адам.

Басқа ойындар:

«Ордабасы»-«Каспий» — 3:1

«Тобыл» — «Ақсу» — 3:1

«Астана»-«Шахтер» — 2:1

«Мақтаарал»-«Оқжетпес» — 0:1

«Қайрат»-«Атырау» — 2:2

«Қайсар»-«Қызылжар» — 0:1

Чемпионаттың алғашқы гол иесі — Бауыржан Исламхан («Ордабасы», 16-минут). Ал алғашқы «қызыл қағаз» 81-минутта Сергей Малыйға («Ордабасы») дөрекі ойыны үшін көрсетіліп, алаңнан қуылды.

2-тур кездесулері:

9 наурыз, бейсенбі

«Жетісу» — «Астана»

«Шахтер» — «Ордабасы»

«АҚТӨБЕ» — «ОҚЖЕТПЕС»

«Ақсу» — «Қайрат»

10 наурыз, жұма

«Каспий» — «Тобыл»

«Атырау» — «Қайсар»

«Қызылжар» — «Мақтаарал»

Е.АХАТҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button