Басты жаңалықтарМереке

Ералы Тоғжанов ардагер әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Халықаралық әйелдер күні қарсаңында көптеген жылдар бойы түрлі салада қызмет еткен, оны дамытуға елеулі үлес қосқан Ақтөбе тұрғындарын көктем мерекесімен құттықтады.

Ералы Тоғжанов алдымен Жаңыл Хакимованың үйіне барды. Ол Ақтөбе ферроқорытпа зауытында кран машинисі болып 40 жылға жуық еңбек еткен. Өңір басшысы зейнеткерді мерекемен құттықтап, денсаулық пен амандық тілеп, алғыс хат, мерекелік гүл мен сыйлықтар табыс етті.

«Бұл мереке – аналар мен әйелдерге, әпкелер мен қыздарға қамқорлығы, күнделікті еңбегі мен адалдығы үшін ризашылық білдірудің тамаша себебі»,- деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Облыс әкімі саналы ғұмырын педагогика саласына арнаған 90 жастағы Зура Құдайбергенованы, 50 жылдық еңбек өтілі бар дәрігер Майра Оспанованы, сондай-ақ «Рика ТВ» телеарнасының директоры Наталья Бандровскаяны құттықтады.

Әйелдер өңір басшысына құттықтауы үшін алғыстарын айтып, елге тыныштық пен амандық, бірлік пен келісім тіледі.

Ералы Тоғжанов ардагер әйелдердің ел дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті.

«Ел тарихындағы сан қилы жылдарда әйелдер халықтың тағдыры үшін жауапкершілікті ер азаматтармен толық бөлісті. Сіздердің даналық, мейірімділік және жанашырлықтарыңыздың арқасында жасампаздыққа бағытталған аса маңызды бастамалар мен әлеуметтік жобалар іске асырылуда»,- деді құттықтау сөзінде облыс әкімі.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button