Басты жаңалықтар

Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 40 ақтөбелік «Табысты отбасы» жобасының арқасында өз ісін ашады

 Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Табысты отбасы» жобасының қатысушыларымен кездесті.

Кездесу барысында жобаның екінші тобының 40 қатысушысы жабдықтар жиынтығын алды. Соның ішінде ноутбуктер, тігін машиналары, оверлоктар, кушеткалар, мультимарок сканері және тағы басқа  заттар бар. Бұл грантты  «Самұрық-Қазына» АҚ ұсынды.

Жобаның екінші тобының 40 түлегі таңдалған  бағыт бойынша бір ай бойы тегін кешенді оқытудан, сондай-ақ мастермайндтар, кеңестер мен тренингтерден өтті.  Сабақтардың барлығы кешенді түрде қатысушылардың санасын өзгертуге, оларды іс-әрекетке ынталандыруға, өз ісін ашуға, отбасылардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

Әлеуметтік жобаға көпбалалы және аз қамтылған отбасы мүшелері, сондай-ақ жалғызбасты ата- аналар және ерекше қажеттіліктері бар балаларды  тәрбиелеп отырған отбасылар, табысы төмен отбасылардан шыққан жастар қатысуға мүмкіндік алды.

💬 «Азаматтардың әл-ауқатын арттырудағы әлеуметтік бағдарламалардың рөлі өте маңызды, өйткені халықтың өмір сүру сапасы жақсарады, әлеуметтік шиеленіс төмендейді. «Табысты отбасының» арқасында бүгін Ақтөбе облысының 40 отбасы құрал – жабдықтар алды, яғни отбасылық табыстарын жақсарту және табыс табу үшін нақты қолдауға ие болды», – деп атап өтті облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының кешенді қолдауымен іске асырылуда. Ол халықтың неғұрлым осал топтарының өкілдерін, оның ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасы мүшелерін, сондай-ақ балаларды және ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған отбасыларды кешенді оқытуға бағытталған.

💬«Ақтөбе облысы бойынша қатысушылардың белсенділігі мен ашық-жарқындылығын атап өткім келеді. Мен күн сайын жоба түлектерінен жағымды пікірлер мен тілектер алып отырамын. Жетістіктеріңіз бен еңбекқорлықтарыңыз Сіздерге табыс әкеледі деген сенімдемін», – деді қатысушылардың құттықтаған жоба авторы Айжани Нұрланова.

Ақтөбе облысында жобаның екі кезеңі аясында барлығы 60 адам оқудан өтті. Ақтөбеліктер екінші лекте SMM-менеджмент, сұлулық индустриясындағы жұмыс, тігін дел және автоэлектрика пәндерін оқыды.

💬 «Мен әлеуметтік желілерде ақша табу мүмкіндігі туралы көптен бері ойлап жүрдім, бірақ неден бастау керектігін білмедім, өзіме сенімді емес болдым. Бұл жоба маған осы істің негіздерін үйретті, даму жоспарын құрды, әлсіз және күшті жақтарымды көрсетті. Бұл тренинг менің отбасыма сапалы жаңа өмір деңгейіне жетуге көмектеседі деп сенемін. Барлығына үлкен рахмет!»,- деп «Табысты отбасы» жобасының түлегі, көпбалалы ана Мәншүк Қасангалиева ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button