Басты жаңалықтар

Ақтөбе облысында 2023 жылғы су тасқыны сияқты төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою мақсатында «Көктем-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

Шараға Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов қатысты.

Богослов тас жолы бойында күштік құрылымдар сапқа тұрды.  Өңір басшысы облыстық азаматтық қорғаныс қызметі, алаңға тізілген техникалар мен төтенше жағдайларға арналған құрал-жабдықтардың дайындығын тексеріп, көктемгі су тасқынына әзірлік барысына көз жеткізді. Қандай да бір мәселелер туындаса,  шұғыл шешуді жауапты мемлекеттік органдардың басшыларына міндеттеді.

Оқу-жаттығуға облыс бойынша барлығы 487 техника, 1594 адам жұмылдырылған.  Оған Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, полицияның арнайы жасақтары, Ақтөбедегі ірі кәсіпорындардың авариялық-құтқару қызметінің өкілдері, Ұлттық ұлан сарбаздары және волонтерлар тартылды.

Жоспарға сәйкес, оқу-жаттығу жиыны барысында құтқарушылар Жеңіс даңғылындағы көне көпірге демонтаж, Батыс-2, Әуе қалашығы аудандары мен Мағажан, Қызылжар, Ақшат тұрғын үй алаптарындағы арық, суағарларды қардан, мұздан тазартады, сондай-ақ, төменгі Қурайлыдағы, Құршасайдағы табиғи су арналарын тазартуға, мектепте арнайы шараларды атқаруға атсалысады.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button