Басты жаңалықтар

Ақтөбелік кәсіпкерлер «Абаттандырылған ауыл» бірегей өңірлік жобасына қолдау көрсетті

Жоба Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың бастамасымен Мемлекет басшысының ауылдық аумақтарды дамыту туралы жаңа мерзімдегі алғашқы Жарлығын орындау мақсатында жүзеге асты.

Оның негізгі мақсаты – аудандардағы ірі және орта кәсіпорындарды тарта отырып, ауылдарды абаттандыруға және мәселелерін шешу.

Бүгін «Ауыл аманаты – Бабалар аманаты» республикалық форумы барысында аудандардың әкімдіктері мен өңірдің бірқатар ірі кәсіпорындары, шаруашылықтары арасында ауылдарда жалпы сомасы 1,7 млрд. теңгеге әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру туралы 10 меморандумға қол қойылды.

Маңызды құжаттар аясында «Нектар» ӨК Алға ауданы Тамды ауылында кешенді спорт алаңын салуға, «Қойлыбаевтар әулеті» қоры Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылында «Әкелер саябағын» абаттандыруға көмектеседі. Жеке кәсіпкер Спартак Төремұратов Ойыл ауданының Кемер ауылында жастардың бастамаларын дамытуға арналған орталығын салуға ниетті. Шалқар ауданының Біршоғыр ауылында «Мұғалжар Нефтестрой» ЖШС және «Диабаз-НТ» ЖШС қаражаты есебінен орталық саябақ бой көтермек және Біршоғыр станциясының кіреберісіне күрделі жөндеу жүргізеді. «Қазгеоруд» ЖШС «Әулие-Алтынды» жолының 27 шақырымын күрделі жөндеуден өткізіп, Мұғалжар ауданы Қайыңды ауылында спорт алаңын орнатады. «Айсая Ақтөбе» ЖШС Байғанин ауданы Жаңатаң ауылына 7 шақырым грейдерлік жол салады.

«Абаттандырылған ауыл» жобасы аясында барлығы кемінде 120 әлеуметтік маңызы бар жоба іске асырылады. Жобаның негізгі мақсаты – ауылды ХХІ ғасырдың дамыған ауылына кезең-кезеңімен трансформациялау, онда халық сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button