Мереке

Барша аналарға басымды иемін

1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

Райгүл СЕРҒАЛИЕВА,

ардагер-ұстаз

Ұрпақ тәрбиелеп отырған барша қазақ еліне әсіресе қазақ аналарына шексіз алғысымды білдіремін. Еліміздің болашағы — баланытәрбиелеуде әйел затының үлесі зор. Олар ата-бабақалдырған мол мұраны дәріптеп, еліміздің тұғыры берік болуына, халқымыздың бай-қуатты өмір сүруіне, ұлттық салт-дәстүрімізді сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізуі үшін барын салады. Ақ жаулықты аналарымыз еліміздің өркендеуіне осылайша атсалысады.

Өткен жылы Айнұр Жүгінісованың бастамасымен «Қазақ аналары — дәстүрге жол»қоғамдық бірлестігі құрылған еді. Қазір бұл ұйымдағы аналар саны Қазақстан бойынша — 15 мың, ал Ақтөбе облысының өзінде 200-ге тарта мүшесі бар. Тек өзіміздің ғана емес, барша қазақ баласына тәрбие беріп, қызмет етіп жатқан жайымыз бар. Аталған қоғамдық бірлестікті қолдап, жұмысымыздың жүруіне ықпал етіп отырған барша жанашырларымызға рақметімді айтамын.Елу жылға жуық қызмет еткен дәрігерлерНесібелі Қарымсақова апайымызға, Шәмшия Айжарықова, Роза Баянқызы, Маржан Абдуллина апаларымызға алғысым шексіз. Бұл кісілер — бізге жол көрсетіп жүрген үлгілі жандар. Сонымен қатарбір үйдің түтінін түтетіп, берекесін келтіріп отырған келіншектерге, аналарымызға басымды иемін.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button