Мереке

Ұстаз еңбегі өлшеусіз

1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

Нұржауған СЫРЛЫБАЙҚЫЗЫ,

ата-ана.

Балалардың оқуға деген құлшынысын арттырып, білім нәрімен сусындатқан ұзтаздар қандай құрметке де лайық. Осы ретте қызым Карина Баянова білім алатын Мақсот Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының ұжымына алғысымды білдіргім келеді. Баламның осы білім шаңырағында оқитынын мақтан етемін. Өйткені бұл мектеп — жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беруде облыс түгіл, еліміздегі үздік білім ордасы, республика бойынша «Ең үздік 100 мектептің» бірі. Қала мен ауыл мектептерінің арасындағы білім сапасындағы алшақтықты жоюды мақсат еткен, еліміздің өзге өңірлеріне үлгі ретінде ұсынылған «БІЛІМ ALL» бірегей жобасына атсалысып жатқан педагогтердің де дені осы білім шаңырғының ұстаздары.

Күні кеше ғана өз мәресіне жеткен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша мектебіміз облыс бойынша І орын иеленді, 26 оқушы білім бәйгесінің жеңімпазы атанды, оның 5-еуі І орынға ие болды.

Өткен оқу жылында да мектебіміз І орын алған болатын. Облыстық пәндік олимпиада облыстағы ең басты білім бәйгесі десек, осыдан-ақ білім шаңырағы ұстаздарының еңбегін аңғаруға болады.

Осы мүмкіндікті пайдаланып, қызым Каринаны Қазақстан тарихы пәні бойынша олимпиадаға даярлаған Роза Алматоваға алғысымды білдіргім келеді. Роза Қалдымұратқызы даярлаған 5 оқушының 4-еуі облыстық олимпиадада жүлдегер атанды. Оның 2-еуі — Даниал Әбдібек пен Махаббат Мұсабаева І орын иеленді. Ал Гүлсана Сисенбаева— ІІ орын, Карина Баянова ІІІ орын алды.

Ұстаз еңбегі елеусіз қалмайды. Елге сыйлы, шәкіртке қадірлі ұстазды адамзат құрметтейді. Осындай асыл жандарға барша ата-аналардың атынан алғысымды айтамын.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button