Құқық

Комитеттің ақпараттық порталы бар

Прокуратура

Еліміздің Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті халықты ақпаратпен қамту үшін біраз шаруа атқарып жатыр.

Құқықтық статистика мен арнайы есепке алу органдарының qamqor.gov.kz ресми сайтында енді бірқатар ақпараттық қызмет қолжетімді. Мәселен,аталған ақпараттық сервистер порталының «Полицияға арыз беру» бөлімінде азаматтар үйден шықпай-ақ полицияға арыз бере алады. Сондай-ақ тұрғындар порталдың «Мемлекеттік органдарға жазған өз өтінішін тексеру», «Адамдардың қаза болуына немесе жаралауына әкеп соққан көлік құралының жол-көлік оқиғасына қатысты туралы», «Өз айыппұлдарың туралы біл», «Қылмыскерді, борышкерлерді, хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру», «Алиментшілерді іздеу», «Геокарталар», «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі жария секторы», «Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдарға өтініштерінің картасы» секілді бөлімдеріне өтіп, қажет ақпаратын алуына болады. «Қылмыскерлерді, борышкерлерді, хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды іздестіру» және «Қылмыстық құқықбұзушылықтар картасы» деген бөлімдері де бар.

Аталған комитет Qamqor мобильді қосымшасын әзірлеп, іске қосты. Ол арқылы кәсіпкерлер алдағы тексерулер туралы хабарламаларды алады, онлайн форматта шағым тастай алады. Қазіргі таңда қосымшаны 110 мыңнан астам кәсіпкер қолданады.

Егер кәсіпкерлер тексеруші органдардың қызметкерлері тарапынан заңсыз іс-әрекеттерге тап болса, Бас прокуратураның call-орталығының 115 бірыңғай нөміріне хабарлауына болады. Сондай-ақ аталған сұрақтар бойынша комитетке және оның аумақтық органдарына жүгіне алады.

Сонымен бірге кез келген кәсіпкер www.qamqor.gov.kz ақпараттық сервисінде тиісті жолға акт нөмірін енгізу арқылы тексерудің заңдылығын көре алады. Сол жерде органның атауы, тексеру кезеңі, тексеруші тұлға туралы деректерді алу арқылы тексерудің тіркелгеніне көз жеткізуге болады. Егер ондай ақпарат табылмаса, онда тексеру прокуратура органдарында тіркелмеген және ол заңсыз болғаны.

 Әділбек ЖҰМАБЕК,

ҚСжАЕАЖ комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы

бөлімінің прокуроры.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button