Басты жаңалықтар

Ақтөбе облысында биыл тағы 12 ауылға газ тартылады

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен жиында ауылдық елдімекендерді газдандыру мәселелері қаралды.

Энергетика және ТҮКШ басқармасының дерегіне сәйкес, Құмқұдық, Нұра, Аманкөл, Әлімбет, Қаратаусай, Байтұрасай, Мұғалжар, Жарық, Алтықарасу, Еңбекші, Екпетал, Құдықсай ауылдарына газ тартылады. Нәтижесінде 843 мыңнан астам адам немесе халықтың 94,4%-ы көгілдір отынмен қамтылады.

«Бұл – ауылдағы өмір сапасына оң әсер ететін маңызды жобалар. Оларды уақытылы және сапалы іске асыру қажет. Басты мәселе – Ақтөбе қаласында газ құбыры-тармағының үшінші тізбегін салу, оның оң шешімі облыс орталығын одан әрі дамыту үшін үлкен маңызға ие. Құрылысты тезірек бастау мүмкіндігін қарастыру керек», – деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

«Бұқара-Орал» магистральды газ құбырынан бұрылатын құбырдың үшінші желісін салу Ақтөбе қаласын, оған іргелес елдімекендерді үздіксіз газбен жабдықтау және Ақтөбе облысында жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қажет. Жобаның  жалпы құны 43,4 млрд.теңгені құрайды. 2023 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстарына бюджеттен 4,9 млрд.теңге бөлінген. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алулар рәсімдері өткізілуде.

А.Мәлікқызы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button