Басты жаңалықтар

Облыста 684 адам көлігіне мемлекеттік нөмір алды

Облыста шетелдік көліктерді заңдастыру басталғалы 3300-ден астам өтініш берілді.
Қазіргі уақытта 934 өтініш алдын ала мақұлданып, 684 адам өз көліктерін сәтті заңдастырды. Оларға қазақстандық техникалық құжаттар мен мемлекеттік нөмірлік белгілер берілді.
Облыс тұрғындары үшін Халыққа қызмет көрсету орталығы дүйсенбі-сенбі күндері аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Орталық келушілерді 2023 жылдың 6 ақпанына дейін қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетелдік көліктердің иелері қазақстандық нөмірді ала алады. Бұл ретте көліктің есептен шығарылуы және іздеуде болмауы, сондай-ақ қажетті кедендік рәсімдерден өтуге тиіс. Заңдастыру 1 шілдеге дейін жалғасады.

Насиба ЗАРЛЫҚОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button