АуылБасты жаңалықтар

«Temir awards» сыйлығы берілді

Темір

Темір ауданында өткен жылы айрықша көзге түскен жастар марапатталды. Әртүрлі салада жүрген жігіттер мен қыздарды ынталандыруға арналған «Temir awards-2022» сыйлығы — дәстүрге айналған жоба.

Темір ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жайнагүл Жасақбаеваның айтуынша, мақсат — талантты һәм талапты жастарды қолдау, оларды өзгелерге үлгі ету.

35 жасқа толмаған темірлік жастар — журналистер, мемлекеттік қызметкерлер, мәдениет саласының өкілдері, волонтерлер, спортшылар, студенттер мен оқушылар тіпті әлеуметтік желі қолданушыларының арасынан үздіктерді арнайы комиссия анықтады.

Аудан әкімі бастаған атқарушы билік өкілдері, өз саласының майталмандары әртүрлі сала бойынша қатарластарынан қара үзіп шыққандарды марапаттап, арнайы мүсінше мен дипломдарды табыс етті. Ал аудандағы «Аманат» жастар театры «Жыл жаңалығы – 2022» атанды.

Соңында қызыл кілеммен жүріп өткен жеңімпаздарға сөз беріліп, концерттік бағдарлама ұсынылды.

Айәли АЙБЕК.

Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button