Басты жаңалықтар

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Ауыл аманаты» – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ҚР ауылдық аумақтардың дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» бірінші Жарлығы аясында өңірде іске асырылып жатқан басты жобалардың бірі екенін атап өтті. Ақтөбе облысы оны жүзеге асыруға Қазақстанда алғаш болып кірісті.

«Ауыл аманатының» бірінші кезеңіне облыстың 24 ауылдық округінің 43 мыңға жуық тұрғыны қатысады.  Құс шаруашылығы бойынша 2 182 жоба, өсімдік шаруашылығымен 342 жоба, шағын кәсіп бойынша 224 жоба, кооперативтерді жарақтандыруға бағытталған 24 жоба іске асырылмақ. Қаржыландыру 3 млрд теңгені құрайды. Биылғы жылы қосымша 3,5 млрд теңге бөлінді.

«Жобаның тек ақшалай несие ғана емес, тауарлық несие берумен ерекшеленеді. Атап айтқанда, 27 ірі шаруа қожалығы есебінен ауыл тұрғындарына 6 мың бас мал беру жоспарлануда. Ауыл тұрғындары тауарлық несиеге алған малды төлмен қайтарады. Бүгінгі таңда 42 жеке қосалқы шаруашылыққа 650 бас мал берілді.

Жобаға қатысатын ауылдарда оны іске асыру нәтижесінде жұмыссыздар саны 41,4%-ға, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 49,3%-ға азаяды. Отбасының орташа табысы 192%-ға артады», – деді Ералы Тоғжанов.

Хромтау ауданында жобаға Ақжар және Тасөткел ауылдық округтерінің тұрғындары қатысады. Мұнда 43 жұмыссыз, 219 өзін-өзі жұмыспен қамтыған, АӘК алатын 4 отбасы бар. Бірінші кезеңде олар 738 млн теңге сомасына 336 жобаны іске асырады.

150 жоба мал, 11 жоба өсімдік, 155 жоба құс шаруашылықтарын дамыту, 13 жоба ет, көкөніс және сүт өңдеу, тағы 7 жоба кооперативтерді жабдықтау мақсатында қолға алынады.

Жобаны іске асыру нәтижесінде Хромтау ауданындағы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 42,1%-ға азаяды, оған қатысатын отбасылардың табысы кемінде 209%-ға артады, өсімдік шаруашылығының үлесі 25%-дан 31%-ға дейін ұлғаяды деп күтілуде.

Хромтау ауданындағы 14 ауылдық округтің 16500-ге жуық тұрғыны «Ауыл аманаты» жобасына қатысуға ниетті. Олар 945 жобаны іске асырады.

«Мемлекет басшысының бірінші тапсырмасы ауылдың дамуына, халықтың табысының артуына, жұмыспен қамтуға байланысты болды. Бұл жоба ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруға арналған, оларға өз ісін ашуға мүмкіндік береді. Қазір біз Президенттің тапсырмаларын орындау мақсатында жергілікті жерлерде қабылданып жатқан шаралармен танысу үшін өңірлерді аралап жүрміз», – деді Алтай Көлгінов.

Кездесуге қатысушылар жоба және несиелеу шарттарына қатысты өздеріне толғандырған сұрақтар қойды.

«Жобада әрбір қатысушы барынша тиімді пайдалана алатын несиелеу үшін өте ыңғайлы шарттар қарастырылған. Менің сүтті өңдеп, оны сатылымға шығаратын шағын шаруашылығым бар. Мен ірі қара мал түрінде тауарлық несие алып, қайта өңдеу көлемін және тиісінше отбасылық кірісті ұлғайтқым келеді», – деп Ақжар ауылдық округінің тұрғыны Анаргүл Қадирова жоспарларымен бөлісті.

Ералы Тоғжанов «Ауыл аманатының» барлық қатысушыларына жобаны іске асыруда және дайын өнімді сатуда жан-жақты көмек көрсетілетініне сенім білдірді.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button