Жаңалықтар

Партия балаларға қолдау көрсетті

Amanat партиясы екібастұзды мыңнан астам балаға шипажайларда демалыс ұйымдастырды.
Оқушылар қысқы демалысты Семей және Алматы қалаларының және Алматы, Түркістан, Павлодар және Ақмола облыстарының шипажайларында өткізді. Қазір балалар қысқы демалыстан үйлеріне қайтып жатыр.
Ақтөбе облысындағы партияластарымыз Бурабайдағы «Самұрық» демалыс орнында 50 баланың тынығуына жағдай жасады. Балалар бос уақытын көңілді өткізіп қана қоймай, құрбы-құрдастарымен танысып, жаңа оқу тоқсаны қарсаңында күш-қуат жинады. Сондай-ақ кесенелерге, мұражайларға барып, демалыстарын тиімді өткізді.
50 оқушыдан тұратын топ қысқы демалысын Түркістан облысындағы «Бәйшешек» лагерінде өткізді. Партиялықтар оларға арнап тартымды да қызықты бағдарлама ұйымдастырды. Спорттық жарыстарға қатысып, Түркістанның киелі орындарына, тауға саяхат жасады, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне, Farab кітапханасына, «Керуен сарай» орталығына және тағы да басқа орындарға барды.

— Маған Түркістан қаласы тұрғындарының қонақжайлылығы ұнады. Түркістан — өте әсем қала. «Алтын Самұрық» театрынан да ерекше әсер алдық. Біз Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне де бардық. Өскенде осы шаһарға көшіп келгім келеді, — дейді Мақсат Құмарбек.
Алматыда Іле Алатауының етегінде орналасқан «Қазақстан» шипажайында Екібастұз қаласынан келген 30 бала демалды. Партиялықтар оларға арнап көрікті жерлерде экскурсия ұйымдастырды. Балалар цирк қойылымын тамашалап, «Медеу» мұз айдынында коньки тепті.
Екібастұздық балаларды шипажайларға жіберу жұмысымен тікелей Amanat партиясының Павлодар облыстық филиалы айналысты. Филиал төрағасы Илья Теренченко ауқымды дайындық жұмысы жүргізілгенін атап өтті. Яғни ата-аналарға хабарласып, рұқсаттары алдынды. Балалармен еріп жүретін мамандар (партия аппараты қызметкерлері, мұғалімдер, медицина саласы қызметкерлері) жұмылдырылды.
— Оқушылардың бәріне демалыс ұнады. Олар жақсы демалып, көтеріңкі көңіл күймен оралды. Біздің мақсатымыз қысқы демалыс кезінде балалардың денсаулығын нығайту болды. Осы уақыт аралығында әрбір бала үшін алаңдап отырдық, — дейді Amanat партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары Айнұр Мұхамедьярова.
Айта кету керек, Екібастұздағы төтенше жағдай кезінде алғашқы күннен бастап Amanat партиясының белсенділері мен еріктілер қала тұрғындарына гуманитарлық көмек таратуға атсалысқан болатын. Тұрғындарға жылы көрпелер, қажетті заттар таратылды. Аманаттықтар аталған көмекпен шектеліп қалмай, балалардың қысқы демалысын ұйымдастырды.

Меңтай БЕКТҰРСЫНОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button