Басты жаңалықтар

Ералы Тоғжанов қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды келе жатқан мерекемен құттықтады

Жаңа жыл қарсаңында Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемеге арнайы барды. Мұнда 186 адам тұрады. Оның 108-і – қариялар, ал 78-і – I,II- топтағы мүгедектер.

Кездесу барысында облыс әкімі әлеуметтік саланы дамыту Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөлінуде. Сіздер тұрып жатқан мекеме көп жылдан бері алғаш рет 700 миллион теңгеден астам сомаға күрделі жөндеуден өтті. Біз сіздердің мұнда жайлы өмір сүрулеріңіз үшін барлығын жақсартып,  жағдай жасайтын боламыз.  Әрқайсыларыңыз облыстың, жалпы еліміздің дамуына зор үлес қостыңыздар. Еңбектеріңізге көп рахмет», – деген облыс әкімі жиналғандарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

Қарттар үйінің тұрғындарына мерекелік концерт ұйымдастырылып, әрқайсысына Ералы Тоғжановтың атынан сыйлықтар табыс етілді.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button