Басты жаңалықтар

Ералы Тоғжанов жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына барды. Орталықта жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 31 бала тәрбиеленеді.

Өңір басшысы балалардың барынша жайлы сезінуі үшін барлық жағдай жасалған орталықты аралап көрді.

Орталықтың педагогтары өз күштерімен театрландырылған қойылым дайындаған. Ертегі мен мультфильмдердің кейіпкерлері, алдағы жылдың символы – Қоян балалардың көңіл-күйін көтеріп, қуантты. Тәрбиеленушілер сондай-ақ, концерттік бағдарламаға да белсене қатысты.

«Сіздерге бақытты балалық шақ тілеймін. Сіздердің бүгінгі басты міндеттеріңіз – білім алу, үлкен өмірге дайындалу болса, біздің міндетіміз – сапалы білім алып,   еліміздің лайықты азаматтары болуларыңызға барлық жағдай жасау», – деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Мерекелік шара соңында облыс әкімі балаларға сыйлықтар таратты.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button