Басты жаңалықтар

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов 50-ден астам тұрғынның арыз-шағымдары мен өтініштерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді

Қабылдауға келген ақтөбеліктерді негізінен тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер учаскелерін бөлу, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ Ақтөбе қаласының тұрғын үй алаптарын инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету, бизнесті дамытуға гранттар бөлу, банктік қарыздарды өтеу және т. б. мәселелер толғандырады.

Барлық сұрақтарға жауап беріліп, әрбір өтінішке қатысты нақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына заң аясында азаматтардың мәселелерін шешуге ықпал ету жөнінде тапсырмалар берілді. Толығырақ зерттеуді қажет ететін мәселелер – облыс әкімі Ералы Тоғжановтың жеке бақылауында.

Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы алдын ала жазылу арқылы тұрақты негізде жүргізіледі.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button