Жақсы істің жемісі

Жаңа жыл қарсаңында «Саусақтар сөйлейді» әлеуметтік жобасының қорытынды концерті ұйымдастырылды. Жаз мезгілінде бастау алған жоба арқылы есту қабілеті нашар балалардың ата-аналары және отбасы мүшелері, еріктілер ым-ишара тілін үйренуге мүмкіндік алып отыр.
«Саусақтар сөйлейді» жобасының басталғанына 7 айға жуықтады. Осы уақыт аралығында ата-аналар аптасына екі рет тегін курсқа қатысып, ым-ишара тілін игере бастады. Жаз айында жобаға қатысуға 60-қа тарта адам өтініш қалдырған. Олардың басым бөлігі бұрын ым-ишара тілінде сөйлесіп көрмеген.
Курсқа қатысушылардың арасында сурдоаудармашылар да бар.
— Мен Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектепте дефектолог болып жұмыс жасаймын. Курста оқып жүргеніме екі айға жуық уақыт болды. Бұл курс арқылы мен ата-анамен жұмыс жасауды үйренемін. Ым-ишара тілін бірден игеру мүмкін емес. Сондықтан курс аяқталғанша осы жерден тәжірибе жинақтаймын деген ойым бар, – дейді Нұржайнар Игібаева.
Жоба авторы Әлия Таласованың айтуынша, ым-ишара тілін меңгеру арқылы есту қабілеті бұзылған бала мен ата-ана арасындағы байланыс нығаяды.
— Мұндай балалардың көпшілігі жазғы демалыстан соң, сабаққа асығады екен. Оның себебі кейбір ата-ана мен бала тіл табыса алмай, бір-бірін түсінбейді. Ал біз өткізіп жатқан курстан соң адамдар ым-ишара тілін үйреніп, балаларының не айтқысы келгенін түсінетін деңгейге жетті, – дейді.
@mukasheva_akmaral Жаңа жыл қарсаңында «Саусақтар сөйлейді» әлеуметтік жобасының қорытынды концерті ұйымдастырылды. Жаз мезгілінде бастау алған жоба арқылы есту қабілеті нашар балалардың ата-аналары және отбасы мүшелері, еріктілер ым-ишара тілін үйренуге мүмкіндік алып отыр. Жоба авторлары – белгілі журналистер Әлия Таласова мен Нұргүл Қалиева. «Саусақтар сөйлейді» жобасының басталғанына 7 айға жуықтады. Осы уақыт аралығында ата-аналар аптасына екі рет тегін курсқа қатысып, ым-ишара тілін игере бастады. Жаз айында жобаға қатысуға 60-қа тарта адам өтініш қалдырған. Олардың басым бөлігі бұрын ым-ишара тілінде сөйлесіп көрмеген. Курсқа қатысушылардың арасында сурдоаудармашылар да бар. — Мен Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектепте дефектолог болып жұмыс жасаймын. Курста оқып жүргеніме екі айға жуық уақыт болды. Суродаудармашы болғандықтан, бұл курс арқылы мен ата-анамен жұмыс жасауды үйренемін. Ым-ишара тілін бірден игеру мүмкін емес. Сондықтан курс аяқталғанша осы жерден тәжірибе жинақтаймын деген ойым бар, – дейді Нұржайнар Игібаева. Жоба авторы Әлия Таласованың айтуынша, ым-ишара тілін меңгеру арқылы есту қабілеті бұзылған бала мен ата-ана арасындағы байланыс нығаяды. — Мұндай балалардың көпшілігі жазғы демалыстан соң, сабаққа асығады екен. Оның себебі ата-ана мен бала тіл табыса алмай, бір-бірін түсінбейді. Ал біз өткізіп жатқан курстан соң адамдар ым-ишара тілін үйреніп, балаларының не айтқысы келгенін түсінетін деңгейге жетті, – дейді. «Саусақтар сөйлейді» жобасының қорытынды концертіне жиналғандар көп болды. Олардың арасында өнерлі жандар да бар. — Мен облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған «мектеп-интернат-колледжінде» шаштараз мамандығының 1-курсында оқимын. Бос уақытымда шығармашылықпен айналысамын. Сурет салу, ым-ишара тілінде ән айту маған ұнайды. Өзім мерекелік іс-шараларға белсене қатысамын. Осы кеште жоба қатысушысы Гүлфира Әлжановамен дуэт орындадым. Алдағы уақытта да осындай игілікті бастамаларды қолдауға дайынмын, – дейді Қайыржан Мұстафин. Қазіргі таңда жобаға қалалық жұмыспен қамту орталығы қолдауымен жүзеге асырылып келеді. Жоба аясында 80-нен астам ата-ана тегін ым-ишара тілі курсында оқиды. Ақмарал МҰҚАШЕВА. @sausaktar
«Саусақтар сөйлейді» жобасының қорытынды концертіне жиналғандар көп болды. Олардың арасында өнерлі жандар да бар.
— Мен облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған «мектеп-интернат-колледжінде» шаштараз мамандығының 1-курсында оқимын. Бос уақытымда шығармашылықпен айналысамын. Сурет салу, ым-ишара тілінде ән айту маған ұнайды. Өзім мерекелік іс-шараларға белсене қатысамын. Осы кеште жоба қатысушысы Гүлфира Әлжановамен дуэт орындадым. Алдағы уақытта да осындай игілікті бастамаларды қолдауға дайынмын, — дейді Қайыржан Мұстафин.
Қазіргі таңда жоба қалалық жұмыспен қамту орталығы қолдауымен жүзеге асырылып келеді. Жоба аясында 80-нен астам ата-ана тегін ым-ишара тілі курсында оқиды. Жоба авторлары — Әлия Таласова мен Нұргүл Қалиева.
Ақмарал МҰҚАШЕВА.