Спорт

Шағын футболдан спартакиада өткізілді

Мереке қарсаңында Ақтөбедегі «Әлихан» спорт кешенінде кіші футболдан спартакиада ұйымдастырылды.

Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің криминалды полиция, тергеу бөлімшесі, кезекшілік бөлімшесі, әкімшілік полиция бөлімшесі командалары және Жайсан станциясындағы  желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлерінен құралған бес команда қатысты.

Дода нәтижесінде тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі полиция майоры Абылайхан Өтеуов — «Үздік қақпашы», кезекшілік бөлімінде істейтін полиция аға сержанты Шыңғыс Қамбарбеков «Үздік шабуылдаушы» және анықтау бөлімшесінің аға анықтаушысы, полиция майоры Данияр Күзембаев «Үздік қорғаушы» атанды.

Еліміздің қастерлі мерекесіне арналған спорттық шарада тергеушілер бірінші орынға ие болса, екінші, үшінші орындарды кезекшілік бөлім мен әкімшілік полиция  командалары бөлісті. Үздіктерге бөлім бастығының кубогы және бағалы  сыйлықтар тапсырылды.

 

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button