Спорт

Ералы Тоғжанов «13-сектор» жанкүйерлерін марапаттады

Бүгін «Қоныс» спорт сарайында футзалдан Қазақстан чемпионатының 13-туры аясында «Ақтөбе» мен «Қайрат» командалары кездесті.

Тартысты ойын алматылықтардың пайдасына шешілді. Есеп 4:6.

Ойынды тамашалаған Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов ақтөбеліктерге қолдау көрсетті. Команданы алда жарқын жеңістер күтіп тұрғанын айтып, зор сенімін білдірді.

Қазіргі таңда «Ақтөбе» футзал клубы 13-турдан кейін 23 ұпай жинап, ел чемпионатында төртінші орында келеді.

Айта кетейік, тайм арасындағы үзіліс кезінде облыс әкімі «13-сектор» жанкүйерлер қозғалысының мүшелерімен кездесіп, «Ақтөбе» футбол клубын қолдағандары үшін алғысын білдіріп, клуб жеңіп алған күміс жүлдені табыс етті.

Еске сала кетейік, биыл «Ақтөбе» футбол клубы соңғы 7 жылда алғаш рет Қазақстан Республикасы чемпионатының медалін жеңіп алып, күміс жүлдегер атанды. Облыс әкімі бұл жеңісте жанкүйерлердің  еңбегі сөзсіз жоғары екендігін баса айтты.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button