Басты жаңалықтар

Облыс орталығында жаңа балабақша ашылды

Бүгін Ақтөбенің Қарғалы тұрғын үй алабында «BAQYTTY BALA» балалар бақшасы ашылды.

Жаңа әлеуметтік нысанның салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Ералы Тоғжанов, балабақша құрылтайшылары, ата-аналар қатысты.

Өңір басшысы жаңа мектепке дейінгі мекеменің қамтамасыз етілуі, тәрбиелеу жағдайларымен танысып, ата-аналармен жүздесті. Өз сөзінде Ералы Тоғжанов баланың дамуына балабақшаның қосар үлесі зор екенін алға тартты.

«Балабақшалар қазір қалпына келтіру ғана емес, қайта дамытудың деңгейінде тұр. Бүгінде 3-6 жастағы біздің балаларымыз балабақшамен 100 пайыз қамтамасыз етіліп отыр. 2 жаспен 6 жастың арасындағы бүлдіршіндердің көрсеткіші 98 пайыз. Бұл енді керемет мүмкіндік. Балабақшаны ашып отырған кәсіпкерлерге алғысымды білдіремін. Олар, жалпы, әрбір жеке компания, мүмкіндігі бар азаматтар қаржыны балалардың болашағына бағыттағаны – ең дұрыс шешім. Бұл – жай ғана балабақша емес, балалардың болашағы. Балаларды қалай тәрбиелейміз, сондай балалар қалыптасады. Сана-сезімін дамытуға күш жұмсасақ, болашақта соның жемісін көреміз», — деді өңір басшысы.

Жалпы аумағы 2500 шаршы метр бо¬латын балабақ¬шада 250 бүлдіршін тәр¬бие¬ле¬нетін бо¬ла¬ды. Үш қабатты, заманауи талаптарға сай жабдық¬тал¬ған ғим¬а¬рат¬та 10 мектепке дейінгі топ және 2 медициналық кабинет, психолог-логопед, әдістемелік кабинеттері, тұз үңгірі, бассейн, сурет салу және монтессори кабинеттері, спорт, музыка, этно аймақ залдары және басқа да тұрмыстық-қыз¬мет¬тік бөлмелер бар. Балалар би, йога, таэквондо, бассейн, ағылшын тілі үйірмелеріне қатыса алады. Оларды 25 педагог және 20 кіші қызметкер тәрбиелейді.

Жобалануы жағынан заманауилығымен ерекшеленетін балабақша құрылысына жеке кәсіпкер Ақбота Қоңырбаева 350 млн. теңге жұмсаған. Оның 200 млн. теңгесін «Даму» қорының бағдарламасы бойынша алған.

Балабақша аумағы толығымен жабдықталған. Асфальтталған тұрақ алаңы 58 көлік және 4 мүмкіншілігі шектеулі адамдарға қарастырылған. Балалар ойнайтын құмсалғыш, түрлі әткеншектер де қойылған.

Сонымен қатар жаңа нысанның ерекшелігі – этно аумақта балалар қазақтың ұлттық ертегілерінен қойылымдар көріп, тыңдайды. Күнде мұнда ата мен әже қонаққа келіп, ертегі айтып бермек.

Жалпы, Ақтөбе облысында 45 мыңға жуық бүлдіршін 575 мектепке дейінгі ұйымдармен қамтамасыз етілген.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button