Құқық

Кастетті алып жүру — қылмыстық құқықбұзушылық

Жадыңызда жүрсін!

Кастет — адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін суық қарудың бір түрі. Бұл қаруды өзімен бірге, сондай-ақ сөмкелерде (оның ішінде жол сөмкелерінде) алып жүру қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпке қарсы қылмыстық құқықбұзушылыққа жатады.

Осы жылы Ақтөбе станциясының вокзалында тексеру қызметінің қызметкерлері азаматтарды және олардың жеке заттарын рентген-телевизиялық жабдықтардың көмегімен тексеру жүргізу кезінде кастетті алып жүрудің 12 фактісін анықтады.

Барлық көрсетілген фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының бірінші бөлігі (суық қаруды заңсыз алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізілді. Қылмыстық процестің енгізілген үш буынды моделі шеңберінде Ақтөбе көлік прокуратурасы негізгі процестік шешімдерді келісіп, істер сотқа жолданды. Сот үкімдерімен 9 тұлға, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған балаға айыппұл немесе қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде қылмыстық жазаларға тартылды.

Қоғамдық қауіпті зардаптардың туындауын, қылмыстық процестің шеңберіне түсуді болдырмау үшін азаматтарды заңнаманы сақтауға шақырамыз. Ал ата-аналар балалармен тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізу керектігін ескертеміз.

Ақтөбе көлік прокуратурасы

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button