Спорт

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов жеңімпаз команданы құттықтады

“Құрметті жерлестер!
Қадірлі Ақтөбе облысының дзюдодан құрама командасы!
Сіздерді Атырау қаласында өткен дзюдодан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатындағы жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Дүбірлі доданың жүлделі І орнының иегері атану – барша ақтөбеліктер үшін тарихи сәт, үлкен мақтаныш және зор қуаныш. Бұл — Тәуелсіздік алған жылдардан бергі Ақтөбе облысының тарихындағы алғашқы жеңіс.

Жұдырықтай жұмылып, өңіріміздің абыройын асқақтатып, намысын қорғап, мықты дайындықтарыңызды көрсеттіңіздер!
Алдағы уақытта да облысымыздағы спорт саласының дамуына зор үлестеріңізді қосып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға қолдау көрсетіп, белсенділік танытатындарыңызға сенімдімін.
Команданың бұл жеңісі дзюдомен айналысатын ақтөбелік спортшыларға үлкен сенім, күш-жігер сыйлап, жол ашып берді.

Көк Туымыз әрқашан биікте желбірей берсін. Жетістіктерге жетелейтін жеңісті күндеріңіз көп болсын деп тілеймін!
Тек қана алға!” — деді ол фейсбуктағы парақшасында.
Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button