Спорт

Алғашқы алтын

Волейбол

Волейболдан өткен ел чемпионатында ақтөбелік қыздар чемпион атанды.

Хромтау қаласында 1-7 қараша күндері волейболдан өткен ҚР күзгі чемпионатында Ақтөбе облысының құрама командасы жеңімпаз атанды. 2010-2011 жылғы жасөспірім қыздар арасында өткен чемпионат осымен II рет ұйымдастырылып отыр. Чемпионатқа барлығы 13 команда қатысты. Ақтөбе облысының командасы ақтық сында Маңғыстаумен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп, Ақтөбе облысы өз тарихында тұңғыш рет ел чемпионатының алтынын алды.

Насиба ЗАРЛЫҚОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button