Спорт

Облыстық ашық турнир өтті

Байғанин ауданында қазақ күресінен ересектер арасында облыстық ашық турнир өтті.

«Жәннат бақшасы» қайырымдылық қорының директоры Нұркен Серіктің демеушілігімен өткізілген жарысқа Хромтау,Әйтеке би, Темір, Мұғалжар, Байғанин аудандарынан және Ақтөбе қаласынан келген 20 палуан бақ сынасты.
Жарыстың ашылу салтанатына Байғанин аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данияр Қоштанбеков пен қазақ күресіненспорт шебері, ҚР құрметті спорт қызметкері Сағынбай Дүсіп құттықтау сөз сөйлеп, палуандарға сәттілік тіледі.

Турнирде 80 келі салмақ категориясына дейінгі палуандар бақ сынасты.                             Боз кілем шеберлері шаршы алаңның шаңын шығарып, көрерменнің көзайымы болды. Аталмыш додада I орынды Әйтеке би ауданының палуаныМейірбек Орынғали жеңіп алып, умра қажылығына жолдама берілсе,IIорын алған Темірауданның палуаны Нұрлан Шортанбаев 100 000 теңгенің сертификатына ие болды. III орын иегері атанған Ақтөбе қаласының палуаны Азат Қуановқа 50 000 теңгелік сертификат берілді.
Жарыс соңындаспортшыларға, қонақтар мен көрермендерге аудандық Орталық мешітте кәсіпкерНұркен Серік арнайы ас берді.
Сонымен қатар кәсіпкер облыстық ашықтурнирдің жоғары дәрежеде ұйымдастыруынаатсалысқаны үшін Байғанинбалалар-жасөспірімдер спорт мектебініңжаттықтырушысы Баубек Бердіғалиевке умрақажылығына жолдама табыс етті.

Насиба ЗАРЛЫҚОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button