Басты жаңалықтар

Бүгін қала бойынша 2,5 мың түп ағаш егілді

“Жасыл ел” еңбек жасағының жастары ұйымдастырған  «Менің атаулы ағашым» атты жалпы қалалық тал егу акциясына облыс әкімі Ералы Тоғжанов та қатысты.

Құрметті жас достар! Қоршаған ортаны, экологияны қорғау – кезек күттірмейтін мәселе. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысып жатқандығын және бізге де мұндай жаппай үрдістен шет қалуға болмайтынын баса айтты.

Осы орайда, біз бен сіз, қала тұрғындары, оның ішінде жастар экологияны жақсарту жағына жұмыстануымыз қажет. Жастардың бүгінгі бастамасы өте керемет. Жалпы «Жасыл ел» жасағының сарбаздары облыс көлемінде кең ауқымды экологиялық акциялар мен сенбіліктерге, сондай-ақ қоғамдық пайдалы іс-шараларға белсене қатысып, көпке үлгі көрсетіп жүр. Мұндай жастарымыз бар да еліміздің көркейе беретініне сенімдімін. Мен сіздермен біргемін және сіздердің бастамаларыңызды әрқашан қолдаймын! – деді Ералы Тоғжанов.

Бүгін орталық саябақта – 500, ал қала бойынша 2,5 мың түп ағаш егілді. Жалпы облыс елді-мекендерін абаттандыру мақсатында жыл соңына дейін 100 мың түп ағаш отырғызылады.

Айта кетейік, жуырда ХVIІІ жұмыс маусымын аяқтаған еңбек жасағы 2005 жылдан бастап облыс бойынша 3 млн. астам түп тал-көшеттерін отырғызды.

Осы жылдар аралығында «Жасыл ел» еңбек жасағының құрамында 64 мыңнан астам ақтөбелік жас еңбек етті.

Ақерке Сатыбалды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button