Басты жаңалықтарСпорт

«Ақтөбенің» жеңісі

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов матчқа арнайы келіп, командаға қолдау білдірді. Бұл «Ақтөбе» футбол клубының қоржынындағы кезекті жеңіс.
Футболдан Қазақстан чемпионатының 24-туры аясында ақтөбеліктер өз алаңында түркістандық «Тұран» клубын қабылдады.
Ойын қазақтың белгілі бапкері Сұлтан Әбеновті бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды.
Әсерлі ойынның қорытындысы бойынша «Ақтөбе» 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан Премьер Лигасының 24-турынан кейін «Ақтөбе» футбол клубы қазір ел біріншілігінде 48 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында 47 ұпаймен «Астана» келеді.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button