Басты жаңалықтарМереке

Құрметті ақтөбеліктер!

 

Сіздерді ұлттық мерекеміз — Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке көпұлтты халқымыздың бірлігінің, туған өлкемізге деген шексіз сүйіспеншіліктің, ұрпақтар сабақтастығы мен дәстүрлер жалғастығының көрінісі болып табылады.

Ұлттық құрылтайдың алғашқы басқосуында еліміздің Президенті Қасым-ЖомартТоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін берді.

«1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кездеТұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды рөл атқарды. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек»,деді Мемлекет басшысы.

Біздің жас республикамыз өз жолын күрделі жағдайда бастады, оның мойнында өз халқының болашағы үшін жауапкершіліктің ауыр жүгі тұрды.

Экономикалық байланыстардың күрт ыдырауы өрескел құнсыздануға алып келді, жалпы ішкі өнім құлдырап, бюджет қардарлығы орын алды, тұрғындардың табысы күрт төмендеді, жұмыссыздық жаппай етек алды. Бұл біздің жас мемлекетіміз бетпе-бет келген проблемалардың бір бөлігі ғана еді. Қысқа мерзім ішінде алдағы іс-қимыл жоспары жасалып, еліміз нарықтық экономикаға көше бастады.

Экономикалық жетістіктер нәтижесінде халықтың әл-ауқатын нақты көтеруді қамтамасыз етудің жолы ашылды. Қазақстан «алуан түрліліктегі бірлік» принципі негізге алынған этникааралық келісімнің бірегей моделін құру мүмкіндігіне ие болды. Біздің еліміз халықаралық деңгейде мойындалып, зор беделге ие болды. Мұның барлығы әрбір отандасымыздың ерен еңбегінің жемісі: бір мақсат жолында жұмылған Қазақстан халқы егеменелімізді прогресс жолына бағыттай білді.

Қымбатты жерлестер!

Ақтөбе облысы осы жылдардың ішінде экономикалық көрсеткіштерінің өсуімен ерекшеленіп келеді. Біздің басты мақсатымыз — қол жеткізген биіктерімізді сақтап, одан әрі жоғарылай беру.

Сіздерге зор денсаулық, отбасы игілігін, еңбекте табыс, жаңа жетістіктер тілеймін! Сіздердің барлық бастамаларыңыз Отанымыздың дамуы мен гүлденуі жолына қызмет етсін!

Елімізде тыныштық пен тұрақтылық қанатын кеңінен жая берсін!

Ералы ТОҒЖАНОВ,

Ақтөбе облысының әкімі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button