Шектеу лауазым таңдамайды

Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандар үшін тек басшылық лауазымға жұмысқа тұруға белгілі бір шектеулер қойылатын-ды. Бұдан былай квазимемлекеттік ұйымдарға жұмысқа орналастыруды шектеу барлық лауазымдарға қатысты қолданылатын болады.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтерді беруді мемлекеттік қызметтер көрсету санатына ауыстырды.
Қолданыстағы еңбек заңнамасында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдар үшінбелгілі бір шектеулер қарастырылған.
Квазимемлекеттік сектор ұйымына жұмысқа тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екені туралы анықтама ұсынуға міндетті.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қабылдануы және ұсынылуыwww.egov.kz«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Сондай-ақ қызметкерлерге қатысты мәліметтерді алу олардың келісімі болған жағдайда «жеке кабинет» және sms-растау арқылы жұмыс берушілергеқолжетімді болмақ.
Мұндайқызметті мобильді азаматтар базасында тіркелген жағдайда ғана алуға болады.
Мобильді азаматтар базасында тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияның кез келген фронт-офисіне жүгіну арқылы «электронды үкімет» веб-порталының«Жеке кабинетіндегі» «телефон» бағанында телефон нөмірін көрсету немесе оны жеке сәйкестендіру нөміріне байланыстыру қажет.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитетінің
Ақтөбе облысы бойынша басқармасы.