Жаңалықтар

«Әдемілік бізге көптік етпейді…»

Таза қала

Мұқағалидың өлеңін сәл өзгертіп айтсақ: «Таза қала әдемі ғой әдемі, әдемілік бізге көптік етпейді».
Салқын ауа райына қарамай сенбілікке шыққан әр адам — қаламыздың тазалығына жаны ашитындығын көрсетті.
Бүгін өткен жалпықалалық сенбілікке облыстық ішкі саясат басқармасы ұжымы жастармен бірге шықты.Олар М.Мәметова көшесі мен Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы скверлерді тап-түйнақтай етіп тазалады.

Бұл ұжым екі айлық басталғалы сенбіліктен қалып көрген емес. Ұйымдастыру жұмыстарын да қоса атқарады.» Облыс әкімінің бастамасымен өтіп жатқан тазалау жұмыстары қаламыздың жасарып, жаңаруына септігін тигізеді».- дейді басқарма қызметкерлері.

Сондай-ақ сенбілікке өнер адамдары да үлес қосты. Олар Ақтөбе қалалық әкімдігінің ғимараты мен Т.Ахтанов атындағы драма театр арасындағы аумақты тазалады.
— Жалпы бізде көктем, күз айларында көше тазарту жылда үрдіске айналған. Биыл да театр әртістері мен қызметкерлері сенбіліктерге қатысып жүр. Қазір осында 20 шақты адам бар. Қаланың барлық тұрғындары өз көшелерін тазартып жүрсе, айналамыз таза болар еді. Тек қана көше емес, әр адам жүрген жерінде тазалық сақтаса жақсы болар еді, — дейді драма театрының актрисасы Майгүл Мұзбаева.
СНПС «Ақтөбемұнайгаз» жұмысшылары 2018 жылы ашылған «Достық» денсаулық саябағында сенбілік өткізді. Жұмысшылар өткен жұмада саябақтың жағдайын жақсарту үшін 15 тал шырша еккен.
— Бірақ адамдар саябақта серуендеп болғаннан кейін арттарынан жинамай кетеді. Ата-аналар да балаларының көзінше қоқысты айналасына тастай салады. Бұл үлкен қателік, тазалық бірінші өз үйіңнен басталады. Олардың арттарынан жинайтын үлкен кісілер. Аталарымен жасты адамды сыйламай тұрғандарға не айтатынымды да білмеймін. Дегенмен күн сайын бұл саябақтың тазалығын тексеріп жүреміз. Тазалайтын құралдар жеткілікті. Қазір шөптерді қырқатын 2 триммер бар, — дейді шаруашылық жөніндегі маманы Жаңылсын Сегізбаева.
Көшелер күзгі жапырақтардан біршама тазаланып қалды.
Қала тазалығына бей-жай қарамайтын адамдар өңіріміздің гүлденуіне өз үлестерін қосып жатыр.

Н.АРМАНҚЫЗЫ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button