Жаңалықтар

Кәсіпкерлер сенбілікке шықты

Таза қала

Ақтөбе облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өңірдің бизнес-қоғамдастығымен бірлесіп күзгі екі айлық шеңберінде бекітілген аумақтарды санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бүгін кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері Табыс базары ауданындағы Едіге батыр ескерткіші жанындағы скверді тазалауға шықты. Іскер әйелдер кеңесі «Нұрдәулет» сауда орталығы маңын тазартты. Іскер әйелдер қауымдастығы мұғалімдер аллеясын жинады, ал дизайнерлер мен тігіншілер қауымдастығы балалар стоматологиясы ауданындағы саябақты тазалады.

Қоқыстарды, құрғақ жапырақтарды жинау, ағаштарды әктеу, бұталарды кесу секілді жұмыстар істелді.
«Сенбілік өткізу өте дұрыс дәстүр. Мұндай іс-шараларға тұрғындардың барлығы қатысуы керек. Мен өз ұжымыммен жыл сайын сенбілікке шығамын. Біз қаланың әдемі болғанын қалаймыз. Менің ойымша, қаланы таза ұстау қажет және ешкім қоқыс тастамау керек, — деді іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Гүлмайрам Ғабдушева.

Насиба ЗАРЛЫҚОВА

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button