Білім

Мұғалімдер тәжірибе алмасты

Білім мен білік

Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әсел Мұхаметжанова мен директордың ғылым, инновация және сараптама жөніндегі орынбасары Шолпан Тазабек білім беру ұйымдарының қызметкерлерімен кездесті.

«Өрлеу-Ақтөбе» институты, Қ.Жұбанов атындағы  АӨУ,  «Білім-инновация» лицейі, Ақтөбе гуманитарлық колледжі және «Сымбат» мектеп-интернатының ұжымдарымен кездескен олар іскерлік тақырыпта, ортақ қызығушылық туралы өзара пікір алмасты. Айталық, «Өрлеу-Ақтөбе»  институтының педагог-тыңдаушылары біліктілікті арттырудың қазіргі білім беру бағдарламаларындағы сипаты, білім беру және кәсіби өсу саласында болып жатқан өзгерістер туралы ойымен бөлісті. Бұл ретте қай тараппен де кері байланыстың болу керектігі ерекше айтылды. Бұл бойынша біздің орталықтың педагогтар арасында жүргізілетін сауалнаманы айтуға болады.

Сонымен қатар кездесуде білім беруді дамытудың басым бағыттары мен педагогикалық тәжірибенің даму бағыттары, сондай-ақ пәндік әдістемені зерттеудің ғылыми тәсілдері бойынша міндеттер назардан тыс қалмады.

Нұргүл ӘБІШЕВА,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ

облыс бойынша кәсіби даму институтының директоры.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button