Мәдениет

Дәстүрді дәріптеген асыл жандар

Тәрбие

С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Қазақ аналары — дәстүрге жол» жобасының мүшелерінің қатысуымен «Қазақстанның алтын кітабы» мен «Қазақстанның үздік әйелдері» кітабына енген аналармен кездесу кеші өтті.

— Жастарға үлгі боларлық істері мол аналарымызды көпшілікке таныстыру мақсатында іс-шараны ұйымдастырып отырмыз. Мұндай дәрежеге жету үшін қажымас қажыр-қайрат керек. Еңмаңыздысы, қазақы дәстүрді ұмытпауға тиіспіз. Жастардың қызығушылығы бар екенін көріп отырмыз. Қазіргі жастар кітап оқымайды, дәстүрді дәріптемейді деген сыңаржақ пікірден арылғанымыз дұрыс, — дейді кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәнін ұғындыру мақсатында өткен шараға жастар көп жиналды. «Қазақстанның алтын кітабына» енген ардагер ұстаз-ғалым Райгүл Ақтөреқызы бізге өз еңбегін таныстырды:

—Еліміз Тәуелсіздігін жариялаған тұста, қазақтың тарихы, әдебиеті, географиясы жазылу керек деген тапсырма болды. Ерікті түрде «Ақтөбе облысының географиясы» оқулығын жаздым. Күндіз сабақ беріп, кітапхана аралап, түнде кітап жазып, маңдай терімізді төктік.2009 жылы «Туризм және Ақтөбе облысында экотуризмді дамытудың жолдары» атты оқулығым шықты. Ол бүкіл республика бойынша таратылып, атап өтілді. Қазір музейлерде тұрған Ақтөбе облысының туристік картасын да жасағанмын. Бұл оқулықты мектептер де, туристік фирмалар да пайдаланады. Осы саланы қарайтын облыстық басқармамен бірігіп 8 жерге туристік маршрут сыздым. Осындай ірілі-ұсақты еңбектерім бар. Еңбегімді елеп, сол кездегі облыс басшылығы 2001 жылы 4 бөлмелі пәтер берді.Қазір республикалық олимпиадаға қатысып жүрген балаларым үшін қуанып отырамын. Сонымен қатар еңбек ардагері болып, үйде немере тәрбиелеп отырған жайымбар, — дейді ол.

Кеш барысында ақ жаулықты аналарымыз ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы зор құндылықтар жайында әңгіме өрбітті. Қонақтар мен оқырмандар арасында салт-дәстүрге байланысты викториналық ойындар ойнатылып, өзара пікір алмасты.

 Н.АРМАНҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button